МЕЙIР ШӨП
Сұлтан ҚАЛИЕВ МЕЙIР ШӨП Көршi ауылда Нұрлан деген бiр инабатты, қайырымды бала бар екен. Бiреудiң басына қиындық түссе, шұғыл көмектесiп жүрiптi. Нұрланның үйiне Шәпи деген қарттың үйi көршi екен. Ол ете әңгiмешiл, мейiрiмдi кiсi болыпты. Шәпи ақсақал бiр күндерi сырқаттанып, төсек тартып жатып қалыпты. Бiрте-бiрте тамағынан ас-су өтпеу-ге айналыпты. Қарттың сырқаты бүкiл ауылды күйзелтiптi. – Ақсақалдың бетi берi қарайтын емес. Бұл өзi әлi сыры ашылып, шипасы табылмаған сырқат қой. Дәрiгерлерден де, дәрi-дәрмектен де қайран болмай тұр! – деп, мұңайыпты Шәпи қарттың туыстары. Бұл жағдай Нұрланның да қабырғасын қайыстырыпты. «Шiркiн, дәрi-дәрмек ем болмаса, ем болатын бiр ғажайып шөп тауып әкелiп берер ме едi», – деп армандапты ол. Нұрлан бұл ойын үйдiң көлеңкесiнде оңаша отырып, даусын шы…
