КҮЗ КЕЛБЕТI
Ғалым ОРАЛБАЕВ КҮЗ КЕЛБЕТI Ел жайлаудан қайтты. Шоғыр-шоғыр калың мал жәй қозғалады. Беталысы – қоңырқай көкжиек. Ат үстiндегi кiсi-лердiң әңгiмесi сол жайлы. Ұзын кекiлдi, кербез күрең-нiң үстiнде шалқая отырған қарт сөздi маза бермей келе жатқан бөгелектерге бұрды. – Дегенмен бөгелектер ат жалынан асқан жоқ, биылғы қыс жайлы болар, – деп едi, шоқша сақалды қарт қостай жөнелдi. – Иә, өрмекшiнiң торы да бұталардың төменгi сабағына керiлiптi. Бұл да жаксылықтың нышаны... – Ендi жылқы шайнақ тастай ма, тастамай ма, соны қадағалау керек, – деп қостады әке. – Жеген шөбiн илеп тастаса, онда шөптiң уытты болғаны. Қыстың жұғымсыз белгiсi осыдан байқалады. Көш тау етегiне еңкейгенде қыз-бозбалалар сылдырап аққан бұлаққа бұрылды. Сол тұста қарақат, мойыл мөлдiреп, қызыл сары долана моншақтай тiзiл…
