КіtapTime-2026
11 қыркүйек күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы баршаңызды «КіtapTime-2026» республикалық фестивалі аясында өтетін BOOK DAY шарасына шақырады! Бұл жай ғана кітапханаға экскурсия емес.Бұл – жаңа кітаптармен танысу, интерактивті шаралар, ойындар және жаңа дүниелерді оқуға деген тың идеялар!Бағдарламада:«Кітапханадағы сенің күнің» – кітапхана және оның мүмкіндіктерімен таныстыратын кітапхана бойынша саяхат.«Жалықтырмайтын ғылым» – білуге құштар жандарға арналған кітап көрмесі.«Жан мен ақыл үшін не оқу керек» – келесі кітабын іздегендерге арналған кітап мәзірі.«Кітап гиді» – қызықты басылымдардың жедел таныстырылымы мен шолуы.«Кітап лабиринті» – жұмбақтар, шығармашылық тапсырмалар және күтпеген кітап жаңалықтары қамтылған интерактивті экскурсиялық-ой…











