«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»

16 қараша
«…Торғайдан басқа уездерге қатынайтын жолдар қыс мезгілінде өте қиын, кейде тіпті мүлдем жүріп-тұруға жарамсыз болады. Біріншіден, бұған қалың қар мен далада жиі болатын борандар себеп болса, екіншіден, көктемгі лайсаң мен өзендердің тасуы кедергі келтіреді. Мұндай кезде көпірлер де, паромдар да болмайды.Төрт жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, жоғарыда аталған қолайсыздықтардан бөлек, мектептерді аралап тексеруге қатынау тұрғысынан Торғайдың облыстағы басқа уездік қалалардан ешқандай артықшылығы жоқ екенін ескере келе, инспектор өзінің тұрақты тұратын жерін Торғайдан Николаев уезінің Қостанай елді мекенінде жаңадан құрылып жатқан уездік қаласына ауыстыруға рұқсат беруді сұрайды. Бұл елді мекен Троицк қаласынан жүз шақырымнан сәл астам қашықтықта орналасқан. Ол жерден жылдың кез келген мезгілінде жақсы жабдықталған пошта жолдарымен қатынап, оқу округі басқармасымен және басқа да мекемелермен әрі адамдармен пошта арқылы уақтылы байланыс орнатуға болады. Ал шұғыл жағдайларда телеграфты пайдалануға мүмкіндік бар».
➡️ Толық мәтінді мына басылымнан оқи аласыз: Ы.Алтынсарин. Шығармалар жинағы: үш томдық. – Алматы: Қазақ КСР «Ғылым» баспасы, 1978. – Т. 3. – Б. 274.

16 ноября
«...Пути сообщения из Тургая в другие уезды… в зимнее время весьма затруднительны и нередко даже невозможны, в первых случаях вследствие глубоких снегов и весьма частых в степи буранов, а во-вторых, по распутицам и разливам рек, при коих ни мостов, ни паромов не бывает. Зная уже по четырехлетнему опыту, что Тургай, кроме вышеприведенных неудобств, никаких вообще преимуществ перед другими уездными городами области по отношению удобства разъездов по школам не представляет, ходатайствует о разрешении переменить ему постоянное местожительство из Тургая в уездный город Николаевского у., учреждаемый на ур. Кустанае, находящийся в 100 с небольшим верстах от гор. Троицка, откуда возможно переезжать по благоустроенным… почтовым трактам во всякое время года и иметь своевременное сообщение с Учебно-окружным управлением и другими местами и лицами по правильно ходящим почтам, и, наконец, в экстренных случаях по телеграфу».
➡️ Полный текст читайте: Алтынсарин И. Собрание сочинений: в трех томах. – Алма-Ата : Издательство «Наука» Казахской ССР, 1978. – Т. 3. – С. 274.
#ыбырай #ыбырайалтынсарин #ыбырайалтынсарин185жыл #Алтынсаринөміріндегібіркүн#ибрай #ибрайалтынсарин185лет #одинденьизжизниАлтынсарина
