ПОЛИГРАФОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде полиграфты кеңінен қолдану бағдарламасын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылы ұсынған болатын ("Взгляд" іскерлік газеті, № 07 (189) 23.02.2011 ж.). Ол құқық қорғау жүйесінде полиграфты кеңінен қолдануды талап етті, соның нәтижесінде 2013 жылғы 21 мамырда "құқық қорғау қызметі туралы" заңға түзетулер қабылданды, ал бір жылдан кейін, 2014 жылғы 19 маусымда "Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту Ережелері"қабылданды.Бүгінгі таңда Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы полиграф міндетті түрде үш салада қолданылады: 1) құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау кезінде; 2) кезекті аттестаттаудан өту кезінде; 3) қызметтік тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезінде.2008 жылдың 1 шілдесінен бастап Қаза…








