Перейти к содержимому
orazali

orazali

На сайте с 20 ноября 2023 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

103

постов

626

комменты

0

подписчика

2

подписки

2

Жыл басынан бері иттің көмегімен 575 қылмыс ашылған

Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс, оның ішінде 190 ұрлық, 16 тонау, 2 қарақшылық, 7 кісі өлтіру және 129 есірткі қылмысы ашылды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан шамамен 130 кг есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинологиялық қызмет бөлімінің бастығы Алмас Күнтуов хабарлады."Ішкі істер органдарында қызметтік-іздестіру иттері із кесу, патрульдік, есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бағыттары бойынша қызмет атқарады. Төрт аяқты көмекшілер қылмыстарды ашуда кеңінен қолданылады. Жақында ғана Ақтөбе облысында автокөлікті тексеру кезінде қызметтік-іздестіру итімен шамамен 60 кг есірткі табылып, тәркіленді. Олар қылмыскерлер мен жоғалған адамдарды, балаларды табуға көмектеседі. Осылайша 16 қаңтарда Қарағандыда…

0
0
383

Елімізде авиаотын дайындалып жатыр

Павлодар мұнай өңдеу зауыты Jet A-1 маркалы авиаотынды сынақтан өткізіп жатыр.

Оның барлық көрсеткіштері Jet A-1 паспортизсациясына сәйкес келіп тұр. Сынамалар SGS халықаралық компаниясының сынақ зертханасына енгізілген.

Jet A-1-дің паспортизация уақыты – 6 сағат. Зертхана 20 сапа көрсеткішін зерттеп жатыр.

t.me/sputnikKZ

0
0
181

Астана тұрғынынан есірткі табылды

Елордалық полиция қызметкерлері «Тосқауыл» жедел алдын алу іс-шарасы барысында күдікке ілінген Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.


42 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тексеру кезінде 124 ұнтақ тәрізді полиэтилен орама мен психобелсенді таблеткалар салынған сөмке табылды.​
Одан әрі тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар 7 орама ұнтақ тәрізді консистенция алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 74,3 грамм «мефедрон», 23,1 грамм «гашиш» және 17,4 грамм «ЛСД» есірткісі екені анықталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті келіншек Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

0
0
338

Жалған ақпарат таратқандар бірнеше жылға сотталуы мүмкін

«Мектепке бомба қойылды» немесе «бір ғимаратта жарылғыш зат бар» деп жалған ақпарат тарататындар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 18 млн теңгеден аса айыппұл төлейді. Ішкі істер министрлігі, терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарататындарға осындай жаза қарастырылғанын еске салды. Былтыр осы факті бойынша 215 қылмыстық іс қозғалған. Анықталған 43 адамның 19-ы кәмелетке толмағандар. 7 адам сотталды. Оның екеуі жасөспірім. @qazaqstantv

0
0
229

АҚШ-та атыстан зардап шеккендер саны 30-ға жуықтады  

АҚШ-тың Миссури штатында болған атыстан кейін зардап шеккендер саны 29-ға жетті.

«Канзас-Сити Чифс» командасы жеңіске жеткеннен кейін белгісіз біреулер оқ атқан болатын.

О баста бір адам қаза тауып, 14 адам жараланғаны хабарланды.

0
0
221

Темір жолдағы локомотив мәселесі алдағы екі жылда шешіледі - Көлік министрі

«Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы екі жылда 364 локомотив сатып алады. Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына жауап бере отырып осыны айтты.

«Өткен жылы локомотивтердің күрт жетіспеу қаупі болды. Дегенмен, бұрынырақ берілген тапсырыстардың арқасында былтыр қосымша 119 локомотив сатып алынды. Биыл тағы 194-і сатып алынады. 2025 жылы — 245 данасы алынады. Осылайша, қажеттілік толығымен шешіледі. Қазіргі уақытта да былтырға қарағанда локомотив тапшылығы мәселесі едәуір шешіліп отыр», — деді министр.

0
0
1046

Президент Қатар әмірімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:1 Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім;3Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісім;4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум;. Қазақстан Республикасының Еңбек және халы…

0
0
467

Елімізге педофилдер мен лаңкестердің кіруіне тыйым салынады

-Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң екінші оқылымда қаралып, қабылданды.Заң халықтың көші-қоны саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді және бірқатар нормаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге бағытталған.Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметіне қарағанда, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу, төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеу ескерілген. Түзетулерде төтенше жағдайлар кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұзарту н…

0
0
222

Алтыншы қабаттағы терезеден құлады

Куәгерлердің сөзінше, ол алтыншы қабаттағы терезеден құлап кеткен. Жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.

Павлодардың академик Бектұров көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде әйел адам терезеден құлап, жан тапсырды.«Оқиға 13 ақпан күні кешкілік болған. 103 қызметіне Бектұров көшесі, 109 мекенжайы бойынша әйел адамның терезеден құлап кеткені туралы шақырту түсті. Жедел жәрдем бригадасы шұғылдылықтың бірінші дәрежесі бойынша оқиға орнына 4 минутта жетті. 1973 жылғы әйел адам №1 қалалық аурухананың жансақтау және интенсивті терапия бөлімшесіне жеткізілді. Өкінішке қарай, ол алған ауыр жарақатының салдарынан 3 сағаттан соң көз жұмды», деп хабарлады облыстық жедел жәрдем қызметінен.

0
0
195

Өрт дер кезінде сөндірілді

Алматылық өрт сөндірушілер Алмалы ауданындағы кафеде шыққан өрттің таралуына жол бермеді.

14 ақпан сағат 11-12-де өрт туралы шақыртуға жоғары дәреже бойынша жіберілген 16 өрт сөндіруші 4 техникамен шығып, кафедегі өрттің таралуына жол бермеді.
Алғашқы есептоптар 3 минутта жетіп, өрт 11:24-те жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын-ала себебі: кафенің түтін сору құбырындағы май шөгінділерінің жануы.
Өрттің алдын алу үшін түтін сору жүйелерін май мен кірден уақтылы тазартып отыру қажет!

@press_TJM

0
0
181