Перейти к содержимому
orazali

orazali

На сайте с 20 ноября 2023 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

103

постов

626

комменты

0

подписчика

2

подписки

2

Мәжіліс депутаты: «Қазақстанның құрметті азаматы» атағы 100 мың теңгеге сатылады

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай елде арзан атаққа алданғандар мен жеңіл жолмен пайда тапқыш, атақ сатқыштар көбейіп бара жатқанын айтып, Үкіметке сауал жолдады.

«Сіз 50 мың теңгеге пысықай ұйымның атынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» медаліне, ал 100 мың теңгеге «Қазақстанның құрметті азаматы» атағына ие боласыз. Сан ғасырлық елдік тарихымызда «Ұлт ұстазы» деп халық ұсынған сәулелі сөзді қастерлеп Ахмет Байтұрсынұлына ғана қолданатын едік, қазір «Ұлт ұстазы» деген атақты бар болғаны 10 мың теңгеге сатып ала саласыз», - дейді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Депутат Мемлекеттік рәміздерді ретсіз қолданып, жалған атақ сатып пайда табатындардың әрекетіне құқықтық негізде тыйым салу керетігін айтты.
@qazaqstantv

0
0
403

Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды

Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Антикордағылар.

Еске сала кетейік, Шапағат Әубәкір бұл қызметке өткен жылдың 19 қаңтарында тағайындалған еді. 

0
0
241

Кәсіпкерлер түрмеге телефон өткізбек болды

СҚО-дағы колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды.​

Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 4 мыңға жуық сотталғанды жұмыспен қамтамасыз ететін 287 шағын және орта бизнес кәсіпорны жұмыс істейді. Тыйым салынған заттарды жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында ҚАЖ комитеті тексеру топтарын күшейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.​Өткен тәуліктің өзінде республиканың екі мекемесінде тыйым салынған заттарды алып жүруді жоспарлаған жеке кәсіпкерлердің өкілдері ұсталды.
Polisia.kz

0
0
389

Төтеншелікер Атырау облысында 3 адамды құтқарды

Атырау облысында 3 адам құтқарылды.

12 ақпанда сағат 00:10-да автокөлік Атырау облысы Құрманғазы ауылынан шамамен 65 км қашықтықта батпақты жерде тұрып қалды.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде көлікте батпақты жерде тұрып қалған 3 адам жақын маңдағы шаруа қожалығына эвакуацияланды.
Жұмыстарға Құрманғазы ауданының №7 ӨСБ 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

@press_TJM

0
0
149

Жаңа министрлер ант берді

Бүгін Премьер-Министр орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Такиев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әріптестерінің алдында ант берді.

«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», — делінген ант мәтінінде.

0
0
129

Астанада қырық тонналық екі контейнер өртенді

Астанада таңғы уақытта екі қырық тонналық контейнер өртенді.

13 ақпанда сағ. 07:21 елордалық № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері "Пригородный" ТА, Кирамика-2 көшесіне екі құрылыс контейнері жанып жатқаны туралы шақыруға шықты.

Өрт сөндірушілердің келуі бойынша екі қырық тонналық контейнер толығымен отқа оранғаны анықталды.

Өрт сағат 07.44-те өрт оқшауланып, сағат 08:33-те жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге барлығы 12 адамы және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.

@press_TJM

0
0
106

Мерей оны іздеген адамдардың жарығына қарай шықты

11 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.Өздеріңіз білетіндей, бала атқа мінген.Баланы іздеу дереу басталды, полиция бөлімінің барлық жеке құрамына дабыл қағылды. Полицейлерден басқа Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер және ауданның қамқор тұрғындары іздеуге белсенді қатысты.Жағдай ішкі істер министрінің ерекше бақылауында болды.Іздеу іс-шаралары 4 сағаттан астам жүргізілді, ауа-райы жағдайлары жедел-іздестіру іс-шараларын қиындатты. Баланы іздеуге 100-ден астам адам қатысты. Іс-шаралар полиция мен құтқарушылардың арнайы көліктерінде өткізілді, өтуге қиын…

0
0
816

Қыз алып қашу...

Жастар әлеуметтік желіде танысқан. Бірнеше ай бойы ғаламтор арқылы сөйлескен. Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны оған үйленуге шешім қабылдаған.

Бірақ оны болашақ қалыңдықтың пікірі қызықтырмады. Жас жігіт Шымкентке келіп, таңғы уақытта қыздың дипломалды практикадан өтіп жатқан медициналық мекемесіне барған.

Анықтама бюросында жеткізуші екенін айтып, бойжеткенге сыртқа шығуын өтінген. Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып әкеткен. Полиция оқиға туралы хабар ала салысымен, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Toyota Alphard көлігін ұстауға Тұран АПБ-ның жедел уәкілдері жұмылдырылып, көрші өңірлерге бағыттама жіберілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде автокөлік жарты тәулік ішінде Алматы-Самара тас жолында Жалағаш ауылының маңында ұсталды.

0
0
170

БҰҰ соты Израильдің Газадағы әрекетін геноцид деп тануға болатынын мәлімдеді

Фото: TRT

БҰҰ Халықаралық соты Израиль Газада геноцид жасап жатыр деген дәлелге сенуге болатыны жөнінде шешім шығарды. Бұл шешім Оңтүстік Африка Республикасының шағымы негізінде шығарылған.

Сонымен, сот палестиналықтарға орны толмас зиян келтіруді доғару, геноцидті болдырмау керектігін ескертті.

БҰҰ Халықаралық сотының шешімі нақты емес. Осындай ғана.

0
0
279

220 трлн теңге болатын банк операциялары тексерілуде

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.Отырыс барысында тексеру шаралары басталатын жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланды.Бұған дейін реестрге енгізілген кейбір тұлғалар бойынша кінәсін мойындау және заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтару туралы процессуалдық келісім жасау жоспарлануда.Бұдан бөлек, реестрдегі жекелеген субъектілердің және оларға үлестес тұлғалардың шығу тегі түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу туралы талаптар қойылады.Премьер-министр Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы шешімі – «Әділетті Қазақстанды» құру процесінің жалғасы екенін атап өтті. Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылд…

0
0
192