Елімізде жасанды интеллект арқылы оқыту жүйесіне 100 грант бөлінді
Еліміздің студенттері енді Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінде жасанды интеллект арқылы Қызылордада отырып оқи алады. Бұл үшін Қорқыт Ата университеті аталған оңтүстіккореялық оқу орнымен бірлесіп Жасанды интеллект институтын құрды.Қазір онда информатика, ақпараттық жүйелер, киберқауіпсіздік, компьютерлік бағдарламалау бағыттары бойынша қабылдау жүріп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі осы мақсатқа 100 грант бөлген.«Бұл өз кезегінде біздің білім алушыларымызға Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің ең мықты деген жасанды интеллект бағдарламалары арқылы мықты профессорлардан тәлім алуына мүмкіндік береді», – дейді Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.Бұл институтқа түскісі келетіндер қазірде…





