Жалған ақпарат таратқандар бірнеше жылға сотталуы мүмкін
«Мектепке бомба қойылды» немесе «бір ғимаратта жарылғыш зат бар» деп жалған ақпарат тарататындар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 18 млн теңгеден аса айыппұл төлейді. Ішкі істер министрлігі, терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарататындарға осындай жаза қарастырылғанын еске салды. Былтыр осы факті бойынша 215 қылмыстық іс қозғалған. Анықталған 43 адамның 19-ы кәмелетке толмағандар. 7 адам сотталды. Оның екеуі жасөспірім. @qazaqstantv