Темір жолдағы локомотив мәселесі алдағы екі жылда шешіледі - Көлік министрі
«Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы екі жылда 364 локомотив сатып алады. Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына жауап бере отырып осыны айтты.

«Өткен жылы локомотивтердің күрт жетіспеу қаупі болды. Дегенмен, бұрынырақ берілген тапсырыстардың арқасында былтыр қосымша 119 локомотив сатып алынды. Биыл тағы 194-і сатып алынады. 2025 жылы — 245 данасы алынады. Осылайша, қажеттілік толығымен шешіледі. Қазіргі уақытта да былтырға қарағанда локомотив тапшылығы мәселесі едәуір шешіліп отыр», — деді министр.