Перейти к содержимому

Өрт дер кезінде сөндірілді

Алматылық өрт сөндірушілер Алмалы ауданындағы кафеде шыққан өрттің таралуына жол бермеді.

14 ақпан сағат 11-12-де өрт туралы шақыртуға жоғары дәреже бойынша жіберілген 16 өрт сөндіруші 4 техникамен шығып, кафедегі өрттің таралуына жол бермеді.
Алғашқы есептоптар 3 минутта жетіп, өрт 11:24-те жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын-ала себебі: кафенің түтін сору құбырындағы май шөгінділерінің жануы.
Өрттің алдын алу үшін түтін сору жүйелерін май мен кірден уақтылы тазартып отыру қажет!

@press_TJM

0
0
182

Еще по теме

Өрт дер кезінде сөндірілді - Yvision.kz