ОҚЫТУШЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Ғылыми зерттеулер нәтижесіне қарағанда қазақстандық жастардың 72,9% , жанұя құру және карьера жасау мен қатар, жоғары білім алуды өзінің өмірлік негізгі мақсаттарының бірі, құндылығы деп санайды. Жастар жоғарғы білімді тәуір еңбек жалақысы және биік әлеуметтік статусқа жету құралы деп санайтынын айтады. Қала жастарының 84,9% және ауыл жастарының 80,9% мектептен кейін жоғарғы оқу орнында білім алуды жалғастырғысы келетіндігін атап айтқан. Оқуды жалғастырғысы келмейтін жастар оның себебің былай түсіндіреді: 42,3% қаржы ресурстарының тапшылығы, 28,8% оқыған ұнамайды, 26,9% жоғарғы білім жарқын болашақты қамтамасыз ететіндігіне сенімсіз, күмәнданады. Оқуды жалғастырғысы келетін жастардың 73,3% жоғарғы білім алуға қызықтыратын фактор - диплом алу және оның жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтет…