МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ БӨЛІНЕТІН САҒАТ САНЫ КӨБЕЙЕДІ
Үштілділік жүйесін енгізуге байланысты мектептерде қазақ тіліне бөлінетін сағат саны да көбейеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ департамент директоры Елдос Нұрланов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Елдос Нұрланов сөз басында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ОЭСР) мүше елдердің көптілділік тәжірибесіне тоқталды. «Еуропа елдерінде көп тілді білім беруге осыдан 20 жыл бұрын көшті. Әрбір еуропалық оқушы кем дегенде екі шет тілін оқуға мүмкіндігі бар. Нәтижесінде бүгінгі таңда еуропалықтардың 54 пайызы кемінде бір шет тілін біледі. 25 пайызы екі тілді, 10 пайызы үш тілді жетік меңгерген. Тіл мәселесі қозғалғанда, көпшілігіміз Жапонияны еске аламыз. Жапония да көп тілді білім беру үрдісінен қал…