Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАРҒА СЕНІМ ЖҮКТЕЛДІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің түлектеріне салтанатты түрде диплом табыс ету рәсімі болып өтті.

«Биылғы бітірушілердің диплом алған жылдары айтулы кезеңдермен сәйкес келіп тұр, – деді Еуразия университетінің проректоры, филология ғылымының докторы, профессор, алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы.

– Ең біріншіден, Қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығы, екіншіден біздің университетіміздің 20 жылдығы. Бұл – Мемлекет басшысы іргесін қалаған білім ордасы.Елбасының «Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату» деген сөзі қабырғада жазулы тұр. Бүгінгі жастар ертеңгі болашағымыз. Бәрі де елімізге қызмет етіп, халық сенімін ақтайды деп ойлаймын».Салтанатты шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі қаламгер Сауытбек Абдрахманов, Еуразия университетінің проректоры, филология ғылымының докторы, профессор, алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы, «Нұр Медиа» ЖШС Бас директоры Жанай Омаров, белгілі көсемсөзші, республиканың еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан журналистика академиясының толық мүшесі Аяған Сандыбай, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай, танымал журналист, саясаттанушы және ұстаз Кенжеболат Жолдыбай жас түлектерге игі тілектерін айтып, дипломдарын табыс етті.«Еліміздің белгілі тұлғалары келіп, жас түлектерге дипломдарын табыс етіп отырғанын жақсылықтың бастауы деп ойламыз. Жастарға сол азаматтардың жолын берсін. Біздің түлектеріміз үлкен жетістіктерге жетсе, біздің еңбегіміздің ақталғаны және бағымыздың жанғаны деп білемін. Сондықтан да шәкірттеріміз алдағы уақытта тек қана биік белестерді бағындырып, білімнің қарашаңырағы атанған университетіміздің жақсы атын шығара берсін. Ата-аналарының ғана баласы болмай, халықтың баласы болып, Қазақ елінің алға басуы жолында еселі еңбек етіп, сүбелі үлес қосатындарына сенеміз» деді Журналистика және сая­саттану факультетінің деканы, филология ғылымының кандидаты, ғалым Қайрат Сақ.«Диплом алу дегеніміз жас түлектерге берілген жай ғана құжат емес, бізге жүктеліп отырған жауапкершілігі жоғары міндет, артылған аманат деп түсінеміз. Ұстаздардың бізге үйреткені шығармашылығымызда және кәсіптік жұмысымызда пайдасы зор болады. Сонымен қатар магистратурада оқып жүргенде шетелге іссапармен барып, тәжірибе жинақтағанымыз да оң әсерін тигізді деуге болады.Себебі ол бізге отандық және шетелдік БАҚ-тың ерекшелігін білуге мүмкіндік берді. Келешекте журналист ретінде жұмысымызды шыңдай түсіп, елімізге қызмет жасаймыз» деді магистр дипломын алған Айбек Қосанов.Сонымен қатар осы топта магистр дәрежесін алып отырған Кенжекей Тоқтамұрат та өзінің қалаған мамандығы бойынша еңбек ететінін және сенімді ақтайтынын айтты.Сондай-ақ журналистика саласы бойынша бүгін магистратура бітірген Жадыра Мүсілім, Гүлнұр Кәкімжанова, Жанерке Ералина, Би-Болат Сейтақ білім жолында тәлім-тәрбие берген ұстаздарына ризашылығын білдірді.

Дереккөз: anatili.kazgazeta.kz

 
0
0
979

Еще по теме

ЖАСТАРҒА СЕНІМ ЖҮКТЕЛДІ - Yvision.kz