«БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!!!» АТТЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МАРАФОН-ЭСТАФЕТАСЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша білім басқармасымен бірлесіп қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!» атты марафон-эстафетасын жүзеге асыруда. Іс-шараның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресу дүниетанымын қалыптастыру және осы бағытта олардың белсенділігін арттыру болып табылады. Марафон-эстафета Ақтөбе облысының 24 арнаулы орта оқу орындары арасында спорттық шара және флэш-моб форматында өткізілетін болады. Марафон-эстафета «Инстаграм» (antikoraktobe) әлеуметтік желісі арқылы беріліп отырады. Эстафета ресми түрде ағымдағы жылдың 2 наурызында Ақтөбе техникалық колледжінде басталып, Ақтөбе сәулет құрылыс колледжіне берілді. Олар өз кезегі…

