ЖАҢА КӘСІБИ СТАНДАРТ

Ақтөбе облысының Әділет департамент ғимаратында «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жоспарына және тұжырымдамасына сәйкес, мұндай шаралар кәсіби және тиімді мемлекетті құруын Қазақстанның жетістіктеріне арналатын болады. Ағымдағы жыл бойы мемлекетіміздін Тәуелсіз, Егемен, Қуатты және Біртұтас мемлекет ретінде жетістіктерін көпшілікке жеткізу бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Соның бірі басты мақсаты мемлекеттік қызмет институтының бірегейлігін бекіту, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қою болып отырған аталмыш дөңгелек үстел.
Жаңа этикалық кодексті, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңды таныстыру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Қайржан Ахметбекұлы Токушев сөйледі. Департамент басшысының орынбасары - Рафхат Төлеуғалиұлы Бисенов өз баяндамасында қоғамға есеп беру міндеттілігін және тиімділігін, меритократия принциптеріне негізделген заманауи мемлекеттік аппараттың дамуына және қалыптасуына тоқталды. Департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгеруші Жақсылық Серікұлы Үмбетқалиев мемлекеттік қызметтің кәсібилігі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда маңызды міндет екендігіне тоқталды.
Семинар отырысына мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты. Қосымша сурақтарға толық жауап берілді.
