«МАНСАП» АҚТӨБЕ СТУДЕНТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту үшін облысымызда алғашқы рет «МАНСАП» Ақтөбе студенттік мемлекеттік қызмет мектебі жобасын жүзеге асыруда.
«МАНСАП» мектебінің мақсаты жас көшбасшыларға мемлекеттік органнан тәжірибеден өту арқылы мемлекеттік қызметке тәжірибелік дағдылануға мүмкіндік беру болып табылады.
Жоба оқушыларын қабылдау 2 кезеңнен тұратын конкурстық іріктеу арқылы жүргізіледі, бірінші кезең Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу болса, екінші кезеңде әңгімелесу мен эссе жазу қарастырылған.
Тәжірибе барысында 3-4 курс студенттері мемлекеттік қызметкерге қызметінде қажетті білім-ғылымды меңгереді. Ал алған білімін тәжірибе жүзінде Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарында арнайы тағылымдамада пайдаланатын болады.
Тағылымдама нәтижесінде «МАНСАП» мектебінің түлектеріне оқу курсын аяқтағандығы туралы сертификат 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында табыс етіледі.
Бұл жоба «МАНСАП» мектебінің түлектеріне болашақта биік белестерді бағындырып, тек заң аясында және ел мүддесіне адал қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Аталған шараның ашылуы облысымызда жұмыс сапарымен жүрген Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменовтің, Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомураның, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасарыТуя (Мунхтуя) Алтангереллің қатысуымен өтті.
