Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!!!» АТТЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МАРАФОН-ЭСТАФЕТАСЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша білім басқармасымен бірлесіп қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!» атты марафон-эстафетасын жүзеге асыруда.

Іс-шараның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресу дүниетанымын қалыптастыру және осы бағытта олардың белсенділігін арттыру болып табылады. Марафон-эстафета Ақтөбе облысының 24 арнаулы орта оқу орындары арасында спорттық шара және флэш-моб форматында өткізілетін болады. Марафон-эстафета «Инстаграм» (antikoraktobe) әлеуметтік желісі арқылы беріліп отырады.

Эстафета ресми түрде ағымдағы жылдың 2 наурызында Ақтөбе техникалық колледжінде басталып, Ақтөбе сәулет құрылыс колледжіне берілді. Олар өз кезегінде эстафетаны ағымдағы жылдың 4 наурызында өткізді.

Бүгін марафон-эстафетаның салтанатты ашылуы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде өткізілді.

Шараны кіріспе сөзімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев ашты. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және алдын алуда жастардың үлесі зор екенін атап өтті.

Келесі марафон-эстафета көпсалалы Болашақ колледжіне өткізуге берілді.

 

0
0
827

Еще по теме