Перейти к содержимому
kitap6

kitap6

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

41

комменты

1

подписчиков

0

подписок

0

ЖӘРМЕҢКЕ

Оныншы тарау ЖӘРМЕҢКЕ Диктің шалт қимылдағаны сонша, айнала қамап тұрған адамдар оған ара түсуге үлгірмей қалды. Бірақ сол сәтте жергілікті халықтың бірнешеуі жасөспірімге жабыла кетті. Егер Негоро келіп үлгірмегенде Дикті сөзсіз өлтіретін еді. Португал оларға тимеңдер дегендей белгі беріп еді, Дикті қоя берді. Сосын олар Гэрристің өлігін көтеріп әкетті. Альвец пен Коимбра Дикті сол жерде өлтіріп жіберуге қамданып еді, бірақ Негоро оларға сыбырлап, егер өлтіруді бірсыпыра уақыт кейінге қалдыра тұрса, одан келер-кетері жоқ екенін айтты. Сосын жасөспірімді оңаша қамап, көз айырмай күзетіп тұрыңдар деп хавильдарға қатты тапсырды. Кішкене отряд теңіз жағалауынан кеткелі бері Дик Сэнд Негороны көрмеген еді. «Пилигримнің» апатқа ұшырауына бірден-бір себепші Негоро екенін жасөспірім білетін-ді.…

0
0
573

КОРОЛЬ ПУНШЫ

Он бірінші тарау КОРОЛЬ ПУНШЫ1 Түстен кейін сағат төрттің кезінде үлкен көшенің арғы басынан түмпілдеген барабанның, сылдырлаған цимбалдың, тағы басқа африкалық музыка құралдарының үні естіле бастады. Бұл уақыт базардың әбден қызып болған кезі еді. Саудаға әбден елігіп алған саудагерлердің шаңқылдаған ащы дауыстары жарым күндік таласқа, төбелес пен айқай-шуға қарлығар емес, жалығатын да түрі жоқ. Алушы жағы әбден қызып алған, бағаны бірінен-бірі асырып беріп, құлдарды топ-тобымен алып жатыр. Қарап тұрсаң (1 Пунш – ромнан қайнатып жасаған арақ.) Лондон биржасының қызған күндеріндегі жалдаптар саудасынан ешбір айырмасы жоқ. Бірақ әлгі кенет естілген дөрекі концерттің үні аяқталмаған сауда келісімінің бәрін кейінге қалдыртты, айқайшылардың да үндері өшіп тыныстай қалды. Казонде королі Ұлы мә…

0
0
432

КОРОЛЬДІ ЖЕРЛЕУ

Он екінші тарау КОРОЛЬДІ ЖЕРЛЕУ Ертеңіне, мамырдың жиырма тоғызы күні Казонде қаласы адам танығысыз түрге айналды. Жергілікті халықтар көшеге шығуға қорқып, үйді-үйлеріне тығылысты. Кұдай тектес король мен министрдің өліміндей жантүршігерлік өлімді олар ешқашан көрген емес. Жергілікті халықтардың арасында кейбіреулері, қарттары ғана жай адамдардың етін отқа қақтап көргендері бар-ды. Африканың өткен замандағы адам сойып өткізетін мерекесіне алдын ала зор дайындық керек, өйткені адам еті оңайлықпен қуырыла қоймайтынын сол дәуірдің кәрі көздері жақсы біледі. Ал король мен министрдің денесі қураған тамызықтай-ақ оп-оңай жанып кетті. Мұнда бір құпия сыр болуы мүмкін... Хозе-Антонио Альвец те үйінен шықпай жатып алды. Ол мына уақиғаның жауапкершілігін жұрт өзіне аудара сала ма деп қорыққан еді.…

0
0
621

ФАКТОРИЯ

Он үшінші тарау ФАКТОРИЯ Миссис Уэлдон мен Джекті өлді деп Гэррис те, Негоро да өтірік айтқан. Аналы-балалы екеуі де, Бенедикт ағай да аман-есен Казондеде еді. Термит илеуі тікелей шабуылмен алынған соң, жергілікті солдаттардан күзетші қойып, тұтқындарды Куанза жағалауынан көшіріп, Казондеге жөнелткен-ді. Бұл кішкене отрядты Гэррис пен Негоро бастап кеткен. Миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті жабық зембілге отырғызып, құлдарға көтертіп әкеткен-ді. Негоро қапелімде неліктен мұншама қамқорси қалды екен? Мұның мәнісіне миссис Уэлдон түсіне алмады. Куанза мен Казонде арасындағы жол әдеттегіге қарағанда өте тез өтті. Бұл сапар тұтқындарды қажытпады да. Бенедикт ағай асқан желаяқтың өзі болып шықты. Өйткені оның жол бойындағы бұта арасын тінтіп, шыбын-шіркей іздеуіне ешкім тосқауыл болмап еді. О…

0
0
4509

ДОКТОР ЛИВИНГСТОН ТУРАЛЫ ХАБАР

Он төртінші тарау ДОКТОР ЛИВИНГСТОН ТУРАЛЫ ХАБАР Негоро кеткен соң миссис Уэлдон лашығында жалғыз қалды, бұл арада ең алдымен Негоро өз ұсынысының жауабын алуға бір жетісіз келмейтінін есіне түсірді ол. Осы мерзімнің ішінде нендей де болса бірер тіршілік істеу керек. Негороның ар-намысына сенуге болмайды, бірақ оның дүниеқор ашкөздігін пайдаланудың артықтығы болмас. Миссис Уэлдон өзінің түрмешісі үшін «сауда жөнінде» бағалы болды. Ендеше, осы «бағалылық» оны бірнеше күнге әр түрлі жаңа қауіп-қатерден қорғауға тиіс. Егер осы уақыттың ішінде, мүмкін, өзінің Сан-Францискоға қайтуы үшін мистер Уэлдонның Казондеге келуін керек қылмайтын бірер жаңа жоба табылып қалар. Джемс Уэлдон әйелінің хатын алған бойда сапардың қаншама қиындығына қарамастан Африкаға қарай тартып тұратынына жас әйелдің күмә…

0
0
971

МАНТИКОРА ҚАЙДА АПАРМАҚ

Он бесінші тарау МАНТИКОРА ҚАЙДА АПАРМАҚ Суға кеткен тал қармайды. Өлім жазасына кесілген адамға иненің жасуындай ғана үміт сәулесінің өзі айтарлықтай зор, мол жұбаныш боп көрінеді ғой. Миссис Уэлдонның да үміті сол сияқты. Бангвеола жағасындағы кішкене негр қыстағында доктор Ливингстонның қайтыс болғанын Альвецтің өз аузынан естігенде, миссис Уэлдон жұбайы өлгеннен бетер қатты күйзелген-ді. Ол өзін- өзі жапан түзде жалғыз қалған сорлыдай сезінді. Оның мәдениетті дүниемен байланысып тұрған қылдай ғана үміті үзіліп кетті. Жандалбасалап жармасқан тал шыбығынан айрылып қалды, жанарындағы үміт сәулесі өшті. Жолдас негрлерін Казондеден Үлкен Көлге айдап әкетті. Геркулестен әлі күнге хабар жоқ. Өзіне жәрдемге келетін ешкім қалмағанын миссис Уэлдон жақсы білді... Ендігі қалғаны істің сәтті аяқта…

0
0
872

МГАННГА (БАҚСЫ)

Он алтыншы тарау МГАННГА (БАҚСЫ) Бенедикт ағай түскі асқа қайтпағасын, миссис Уэлдонның тынышы қаша бастады. Сақалды сәби қайда жоғалып кетті екен? Миссис Уэлдон оны факториядан шығып қашады дегенді ойына да алған жоқ-ты. Ол немере ағасының сырына қанық. Егер ол қаша қалған күнде қаңылтыр қалбырындағы коллекциясы артында қалатын болса, бостандықтан үзілді- кесілді бас тартуында сөз жоқ. Бірақ ғалымның Африкадан жинаған табыстарын салған қаңылтыр қалбырына ешкім тимеген-ді. Бенедикт ағай өз ықтиярымен өзінің энтомолог қазынасынан айрылмақ емес және бұлай ойлаудың өзі орынсыз. Әйтсе де Бенедик ағай Альвец факториясында жоқ боп шықты. Миссис Уэлдон сол күні, 17 шілдеде ұзақты күн түкпір- түкпірді тінтіп немере ағасын іздеумен болды. Кішкентай Джек те, Халима да іздесіп жүр. Бірақ олардың бұл…

0
0
680

ӨЗЕН АҒЫСЫНЫҢ БОЙЫМЕН

Он жетінші тарау ӨЗЕН АҒЫСЫНЫҢ БОЙЫМЕН Әлгі сөздерді сиқыршы бейнесіне енген алып негр Геркулес айтып еді. Жас жігіт қайық түбінде жатқан, әлі өте әлсіз, Бенедикт ағайға сүйеніп басын көтеріп, жаңа келгендерді қарсы алып, амандасуға әрең шамасы келді. Динго ғалымның аяқ жағында шоңқайып отыр. Миссис Уэлдон есін жиған соң әлсіз үнмен: – Бұл сенбісің, Дик? Сенбісің?.. – деді. Дик тұрайын деп еді, бірақ миссис Уэлдон өзі барып оны құшақтай алды. Кішкентай Джек те ағасын құшақтап шөпілдетіп сүйіп жатыр. – Қымбатты достым менің! Сүйіктім Дик! – деп бала қайталай берді. Сосын Джек Геркулеске бұрылып: – Ал мен сені танығаным жоқ!.. Тіптен... – деп үстеді. – Маскарад жақсы орындалған шығар, – деп күлді Геркулес. Сосын төсіндегі айбақ-сайбағын сүртіп жуып тастады. – Түу, жаңа ғана өзіңнің ұсқының…

0
0
981

ТҮРЛІ УАҚИҒАЛАР

Он сегізінші тарау ТҮРЛІ УАҚИҒАЛАР Қайық ендігі сегіз тәулікте де ағысты қуалай ақты. Бұл күндерде айтарлықтай уақиға бола қойған жоқ. Өзен көпке дейін жыныс орманның ортасын аралап ақты. Сосын орман таусылып, өзеннің екі беті ұшы-қиыры жоқ балқашты қопаға айналды. Бұл жер де құнарсыз екен. Дик бұған ренжіген жоқ, ренжігенде қайтсін. Құнарсыз болғанымен қопаның арасы толып жүрген бөкен екен. Бұл момақан жануарлар кеш болысымен мекенін арыстан мен қабыланға қалдырып, өздері ашық далаға шығып кететін көрінеді. Қаншама көп болғанымен жолаушылар күні бүгінге дейін орманда жыртқыштармен кездескен жоқ-ты. Дик Сэнд күн сайын қайықты өзен жиегіне тоқтатып, түскі тамақтың артынан құрлыққа шығып жүрді. Кішкене отрядқа азық қорын жаңғыртып алу өте қажет. Қаңырап жатқан бұл елсіз даладан түземдіктерд…

0
0
863

«С. В».

Он тоғызыншы тарау «С. В». Геркулес ескегін бар пәрменімен есіп, қайықты жағаға қарай бұрды. Бір жақсы жері, өзен ағысы әлі де болса екпіндей қоймаған-ды, өйткені өзен арнасы бірден құлдилап кетпей, құламаның дәл өзіне жеткенше бірқалыпты еңкеулеп барады екен. Өзеннің сол жақ беті қарауытып тұрған орман. Орманның басын бүркеген қалың жапырақ күн сәулесін түбіне түсірмей қалқалап тұр. Дик Сэнд бұл араның адам жеушілер мекені екенін білді де, жерге мұңая қарады. Жолаушылар енді өзен жағалап жаяу жүрулері керек, әйтпесе қайықты сүйреп су құламасынан айналып өту мүмкін емес. Бұлай етуге кішкене отрядтың шамасы да келмес еді. Өзен сағасына орналасқан Португалия еліне бүгін бе, ертең бе жетеміз деп дәмеленіп, әбден қажып біткен адамдарға бұл не деген ауыр соққы десеңізші! Қайық сол жақ жағалауғ…

0
0
513