СОҢҒЫ СӨЗ
Жиырмасыншы тарау СОҢҒЫ СӨЗ Жолаушылар екі күннен соң 20 шілдеде Конго сағасындағы Бумға бара жатқан керуенге кезікті. Бұл құл саудагерінің керуені емес, Еуропаға піл сүйегін апара жатқан Португалия саудагерлері еді. Олар қашқындарды аса құрметпен қарсы алды. Жолаушылар жолдың ендігі қалған үлесін қиналмай жақсы өткізді. Саудагер керуенінің кездесуі қашқындар үшін зор бақыт болды. Өзен сағасына салмен жетеміз деген Диктің үміті жайына қалды. Стенли осы өзенді бойлай жүзген кезінде, Нтамодан бастап Иеллаға жеткенше жетпіс екі жерде сарқырама барын анықтаған. Бұл сарқырамалардан қайықтың қандай мықтысы болса да аман өте алмас еді. Тамыздың он бірі күні миссис Уэлдон, кішкентай Джек, Дик Сэнд, Геркулес пен Бенедикт ағай – бәрі аман-есен Бумға жетті, олар бұл жерде шын ықыласпен қарсы алынды.…