Перейти к содержимому
kitap2

kitap2

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

81

комменты

0

подписчика

3

подписок

0

ҚАМҚОРЛЫҚ

Назымбек екiншi кезекте оқиды. Жер тайғақ. Асыға басып, мектебiне келе жатыр. Бiрер рет аяғы тайып кетiп құлап тұрды. Өзiмен бiрге оқитын Нақысбектi жолда кездестiрдi. Ол бiр кiшкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңiреп жылап келедi. – Мына бала сенiң iнiң бе? – деп сұрады Назымбек. – Жоқ. – Ендi кiмiң? – Құлап, аяғын ауыртып алған екен. – Оны қайда апарасың? – Дәрiгерге көрсетiп, жарасын таңғызып берейiн. Екеулеп апарып салсақ қайтедi? – деп өтiнгендей болды Нақысбек. – Сабақтан кешiгемiз ғой... – Мен кешiксем, Күлпәш Құлекеноваға айтарсың, мертiккен баланы дәрiгерге әкеттi деп. – Айтайын, көп жүрiп қалма! – деп, жүгiре жөнелдi Назымбек. Нақысбек арқалап алған бала зар қағады. Ауырсынып, шырылдауына қарағанда аяғы сынған болу керек. – Жылама, қазiр дәрiгерге жетемiз, таяу қалды. Сенiң а…

0
0
892

АЯҚТАЛМАҒАН ОЙЫН

Мәдiхат ТӨРЕЖАНОВ АЯҚТАЛМАҒАН ОЙЫН Ауылдың шетi. Қарлы төбешiкке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бiрнеше бала сырғанақ теуiп жүр. Олардың iшiнде ағайынды Ахметовтер де бар. Ақан мен Асан екеуi бiр шанаға отырып, төбеден төмен зымырайды. Беттерi қызара бөртiп, сырғанап ойнаудан жалығар емес. Ақан мен Асан төбе басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелдi. Алысқа барып бiрақ, тоқтады. – Ақан, сен барып шананы алып кел, – дедi iнiсiне Асан. – Мен бармаймын. Шанаға ие бола алмаған өзiң, сен бар, – дедi Ақан. – Жоқ, сен барасың. Сен менен кiшiсiң, – дедi Асан. – Бармаймын. Үлкенмiн деп, жұмсай бересiң, шананы да үнемi мен сүйреймiн. Сөзi етпеген Асан ашуланып төменге түстi. Шананы жетектеген бойы төбеге емес, үйiне қарай…

0
0
1870

ҚЫРАН МЕН ЖЫЛАН

Төлеген ҚАЖЫБАЕВ ҚЫРАН МЕН ЖЫЛАН Жанарынан оты, топшысынан қуаты тайған қарт қыран тас түбiнде қыздырынып жатқан қос жыланның қасына келiп қонады. Қонады да, ойға шомады. Көк күмбезiне алғаш самғап шыққан шағынан бастап, бүкiл өмiр жолын көз алдынан өткiзедi. Талай қан майданда жеңiлiс тауып көрмеген, жiгерi мұқалмаған мұзбалақ ақтық сағаты жеткендiгiн түсiнiп, мына жыландардың жанында тектен-тек өлiп кетемiн бе дейдi. Осыны ойлаған қыран шаңқ етедi де, аспанға атылады. Шырқау биiкке шығандап шығып, төңiрегiне көз салалы. Көзi бұрынғыдай емес, қыбырлағанды қағыс жiбермейтiн қасиетiнен айырылған екен. Топшысы да тала бередi. Найза тастарға қарай құлдилап, зулай жөнеледi. Жыландардың алдына келiп қара тасты кеудесiмен соға, жаншыла құлап, мерт болады. Қыранның бұл қылығынан шошыған бала жыл…

0
0
1055

ОҚУШЫНЫҢ БIР КҮНI

Қабыш ЖАРКЕНОВ ОҚУШЫНЫҢ БIР КҮНI Класта балалардың бiр-бiрiне жанама ат қоятын әдеттерi бар. Бiреулерiн түр-түсiне қарай: «Төбет», «Үрпексары», «Тәмпи» десе, ендi бiреулерiн мiнез-құлқына қарай: «Момақан», «Бұрыш», «Таразы» атандырып айдар тағады. Алтыншы «А» класында бұндай аттардың неше түрi бар. Бiр тентек атап қалса болды, құтылып көр. Негiзi, балалар бұндай атты жан ауыртпайтын жұмсақ әзiл-қалжың ретiнде, көбiнше, өзiмсiнiп қояды. Әдемi айдар керек баланың бiреуi Отарбай болатын. Көптен берi ескерiлмедi ме, әлде қолайлы кезеңiне дәл келмедi ме, әйтеуiр ондай аттан аман жүретiн. Соның сәтi түсiп оқу жылының басында бiр құрбысынын аузынан байқаусыз «Отағасы» деген сөз шығып кетiп едi, сол-ақ екен, балалардың әдеттегi еркелетiп, еркiнсiтiп айтатын «Отар», «Отаржан» аттары жайына қалып,…

0
0
1369

СЫЗЫҚТАР

СЫЗЫҚТАР – Мынаны бiлесiңдер ме? – дедi мұғалiм тақтадағы өзi сызған үзiк-үзiк белгiлердi көрсетiп. – Сызықтар, – дедi балалар хормен. – Ендi осы сызықтарды, мiне, былай тiк созсақ не болады? Балалардың көбi үнсiз калды. Әнуар мен Қасым қол көтердi. – Бiр деген цифр шығады. – Дұрыс айтасыңдар. Ендi екi сызықтың үстiңгi жағын бiр-бiрiне түйiстiрiп, арасын көлденең сызықпен жалғап көрелiк, неге ұқсар екен? – А-А, – дедi балалар бiрден. – Көрдiңдер ме, мына жәй ғана сызықтардың осындай қасиетi бар. Сызықтар арқылы үйлердiң стадиондардың, космос корабльдерiнiң жобалары да жасалады. Сендер ендi осы бастан әр сызыққа мән берiп, қағазға әдемi етiп сызып үйренiңдер. Қасым қол көтердi. – Айта ғой. – Апай, мына Әнуар күнде жолға бормен қисық-қисық сызықтарды сызып кетедi. – Өзiң ше? – дедi Әнуар ес…

0
0
3847

КӘРІ ҚАРАҚШЫ

III тарау ҚАРА ТАҢБА Түскe таман мeн салқын сусын ішкізeйін, дәрі бeрeйін дeп капитанға кірдім. Сoл өзіміз қалдырған күйдe жатыр, тeк сәл жoғарырақ жылжыпты. Eдәуір әлсірeгeн тәрізді жәнe әлдeнeгe қатты тынышсызданатын да сияқты. – Джим,– дeді oл , – oсындағылардың ішіндe адамға татитыны тeк өзің ғанасың. Мeн сeні әманда жақсы көргeнмін, мұны өзің дe білeсің. Ай сайын төрт пeнстeн күміс бeріп тұрдым ғoй. Eнді дoстым, мінeки, аурумын, әрі жұртта қалғандай жалғызбын. Джим, бір сапты аяқ рoмды аямассың мeнeн, сoлай eмeс пe? – Дoктoр.., – дeп түсіндірмeк бoлып eм. Oл бірақ қатты ашуланып, дoктoрды әлжуаз даусымeн сыбай жөнeлді. – Дoктoр атаулы құрлықтан басқа eштeмe көрмeгeн көртышқан eмeс пe? Ал сіздeрдің ана дoктoрларыңызды алайық – oл тeңізшілeр жайында нe білуші eді? Мeн өмірімдe талай eл…

0
0
495

ЖАЛҒЫЗ ҮЙРЕК

Карауылбек ҚАЗИЕВ ЖАЛҒЫЗ ҮЙРЕК Iздеп келе жатқаным – өзiмiздiң қоңыр сиыр. Хабар-ошарсыз кеткенiне бүгiн үшiншi күн. «Жануардың желiнi айырылып кететiн болды-ау» деп, өкси аяйды әжем. «Жыра-шұқырда қалып қойды ма? Сен ана жақты шолып қайт», – дедi әкем. Сиыр ма деп, қарауытып көрiнген нәрсеге жетiп барамын, барсам, былтырғы маяның орны, не кесiлген ағаш түбiрi болып шығады. Өр жағалап, ауыл жаққа беттедiм. Қоңыр көлеңке бұлдырап, жыбырлап аққан өзен бетiне қарап келе жатып, кiшкене бiр нәрсенi көзiм шалды. Жапырақ-жапырақ толқындарды тiле маған қарай жүзiп келедi. Омырауына шапшыған ағын тосып, әрең-әрең жылжытады. Үйрек екен ғой, корықпауын қарашы өзiнiң. Қос қанаты лай суға батып, бергi жағаға жақындап келедi. Оң қанаты салбырап тұрған сияқты, бiр жағына қарай қисалаңдап жүзедi. Менi ба…

0
0
5180

ЗИНҰР

Зейнелғаби ИМАНБАЕВ ЗИНҰР Зинұр сабақ әзiрлеуге отырды. Бүгiнгi тапсырма өлең жаттау едi. «Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы...» – деп, шапшаңдатып оқи бастады. Әп-сәтте бiр шумағын жаттап та үлгердi. Өлеңдi түгел жаттап болмай, ештеңеге бұрылмауға бекiндi. Сөйтiп отырғанда өзiмен бiрге оқитын баланың келе қалмасы бар ма. – Жүр, Зинұр, балаларға арналған қызық кино келiптi. Оқушылардың бәрi кетiп жатыр, – дедi ол. – Жоқ, Жанаш, мен өлеңдi жаттап алмай ешқайда шықпаймын. – Қайтып келген соң да жаттап алмайсың, ба? – деп Жанаш қиылса да, досы көнбеген соң өзi жүгiре жөнелдi. «Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы...» деп Зинұр қайта оқи бастады. «Қойшы, Жанаш айтқандай, келген соң да жаттап алуға болады ғой. Көп қызықтан құр қалатын болдым-ау! Әй, Жанаш, тоқта!» – деп, терезеден мойнын созып, айқай…

0
0
462

АЛТЫН БЕСIК

АЛТЫН БЕСIК Менiң туған жерiм – Көкшетау, шыңын мұз басып қатқан биiк таулар емес, төбесiне оп-оңай шыға беруге болатын аласа таулар... Мiне, сондай таулардың бiрiнiң етегiндегi көл жағасында менiң туып-өскен ауылым қоныстанған. Таудың аты – «Салпық». Ал оның iргесiндегi айдынның аты – «Шұңқыр көл» деп аталады. Ауылдың аты сол есiмiне қойылған. Бiз бала кезiмiзде жазда Салпық тауының бауырына шие, бүлдiрген теруге баратын едiк... Ал көл жағасы қандай тамаша едi. Ыстық күндерi Қасынан шықпайтынбыз. Арқаны күнге қақтап-қақтап алып, жүгiрiп келiп суға қайта-қайта күмп-күмп берiп құлайтынбыз. Бiзден әрiректе тереңдеу жерде мойындары жiп-жiңiшке шүрегей үйректер жүзiп бара жатады. Жақындасаң тереңге қарай ұзай бередi. Дауылды, желдi күндерi көл бетi бұйраланып, дөңбекшiген толқындары жағаны ұр…

0
0
597

БОЗША ТОРҒАЙ

Нығмет ҒАБДУЛЛИН БОЗША ТОРҒАЙ Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түнi бойы жаңбыр жауған. Жер саз. Омар атай бiр топ жусанның ығында бүрiсiп отырған кiшкентай құсты көрдi. Ұшуға жарап қалған бозтор-ғайдың балапаны. Тұмсығының жиектерi сап-сары. Өзiне жаңбыр өткен. Екi қанаты салбырап, дiр-дiр етедi. Балапан Омар атайға жасқана қарады. Қорқып кеттi. Салбыраған қанатын жиюға шамасы келмей, сүйреткен бойы бiр түп жусанды сырт айнала бердi. Бiрақ жүгiрiп кете алмады. Жығылып қалды. Омар атай бозша тор-ғайды жерден көтерiп алды. Алақанына қойып аз ғана уақыт қызықтай қарады. Әрi тойған, әрi қорыққан кiшкене құс қалшылдап тұр. Омар атай бозша торғайды үйiне әкелiп, күн сәулесi түсiп тұрған терезе жақтауына отырғызды. Алдына ыдыс-қа салып жем әкеп қойды. Бозша торғай…

0
0
9598