СҚО-ДА ЖЕКЕ КҮЗЕТ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 39 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ
Оның ішінде 530 объектіні күзет құрылымдарының қызметкерлері күзетсе, 5450 объекті, сондай-ақ 1830 пәтер мен үйлер орталықтандырылған күзет пультіне қосылған. Күзет қызметкерлері мен полицияның арасындағы өзара іс-қимылды үйлестірумен СҚО Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімі айналысады. «Біздің бөлімнің қызметкерлері күзет агенттіктерінің заңнама талаптарын сақтауын жиі қадағалайды», - дейді Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Руслан Данияров. – Жыл басынан 5 кешенді тексеру өткізілді. Тоқсан сайын күзет құрылымдары басшыларымен жұмыс кездесулері өткізіледі. Олардың жұмысына талдау жүргізіліп, олқылықтардың орны толықтырылады. Сонымен бірге, 8 ай ішінде түрлі меншік нысандарына, әсіресе, террористік тұрғыда осал объектілерге ша…