СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 36 отбасыда тәрбиеленіп жатқан 97 оқушы облыстық және қалалық полиция ведомстволарының бөліністеріне бекітілді. Оқу жылы басталғанға дейін тәртіп сақшылары өздеріне бекітілген әр отбасыға барып, қайырымдылық көмек көрсетті. СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев оқу жылына дайындалып жатқан екі отбасыға барды. Олардың бірінде 9 бала тәрбиеленуде, 5-уі мектеп оқушылары. Өңірдің бас полицейі балаларға сыйлықтар беріп, оқуда сәттілік, спорттық жетістіктер тіледі. Сондай-ақ, Марат Сағынтайұлы екі ұл баланы аналары жалғыз тәрбиелеп отырған отбасыға да бас сұқты. Ол мұнда да құр қол келмей, балаларға жылы лебізін айтып кетті. Қайырымдылық акциясына барлық полиция бөліністері қатысты. Полицейлер қызметтерінің ерекшелігіне байланысты күн сайы…