СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАЙДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясымен шектесетіндіктен, облыс аумағындағы шетелдіктердің көбі ресейліктер болып табылады. Олардың ішінде ағымдағы жылдың басынан ішкі істер органдарында тіркелмей 30 күннен астам уақыт ҚР аумағында болған 222 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Ресейліктер Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүруге болатынын біле тұра, көші-қон қызметіне мерзім аяқталған соң бару керек деп ойлайды, бұл қате пікір», - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нұсырбаев. - Алайда, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында болу үшін 31-ші күні тіркеуден өту қажет. Егер 30 күндік кезеңнің соңғы күні демалыс немесе мерекеге тұспа-тұс келсе, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады».
Осылайша, Қазақстанда 30 күннен астам уақыт болуды жоспарлаған Ресей Федерациясының азаматы күні бұрын тіркелуі қажет. Содан кейін ол тағы 60 күн біздің елде болу құқығын алады.
Талаптарды орындамаған жағдайда, шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 1-бөлігіне «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 3 күнге кешіктіріліп тіркелгендерге ескерту жасалады. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес 3 күннен астам уақытқа кешігу сотта тәртібінде қаралады және 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе сот шешімімен елден шығарып жіберуге әкеп соғады.
Полиция қызметкерлері дәл осындай ережелер Ресейге баратын қазақстандықтарға, сондай-ақ Беларусь, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан арасындағы келісімдері бар Қазақстан азаматтарына қолданылатындығын еске салады. Айта кететін тағы бір ерекшелік - Қырғызстан азаматтары: 30 күн тіркеусіз, 60 күн тіркеліп, тағы 90 күн қайта тіркеліп, жалпы 180 күн Қазақстан Республикасында аумағында, сол сияқты отандастарымыз да Қырғызстанда аумағында бола алады.
Жыл басынан бері өңірде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 2-бөлігіне сәйкес тіркеусіз жүрген 154 шетелдікке айыппұл мен Қазақстан Республикасының шегінен шығару жазасы қолданылды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
