СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫН
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев облыстық және қалалық полиция аппаратының жеке құрамымен кездесіп, Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады.
Жиынды ашқан өңірдің бас полицейі Мемлекет басшысының Жолдауы әр полиция қызметкері үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары күн сайын халықпен тікелей жұмыс жүргізіп, тығыз қарым-қатынаста болады. Сондықтан әр офицер мен сержант маңызды құжаттың мазмұнын жақсы білуі қажет. Жолдаудың негізгі бағыттарына департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев тоқталды. Полиция департаментінің бастығы қызметкерлерге жұмыс барысында ашықтық пен айқындықты нығайтуды тапсырды. Мемлекет басшысы «Күш құрылымы саналатын полицияның келбеті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қызмет көрсететін орган болады», - деп атап өткен болатын.
«Халықпен тығыз жұмыс жүргізуді жалғастыру қажет. Азаматтардың арыз-шағымдарына уақтылы шаралар қабылдау – бүгінгі полицияға қойлған басты талап», - деді өз сөзінде облыстық полиция ведомствосының бастығы.
Солтүстікқазақстандық полицейлер жаңа форматта жұмыс істеуге әзір. Мәселен, қызмет көрсетудің сервистік моделі өткен жылдың соңында енгізілді. Сол уақыттан бастап Көші-қон қызметтері орталығы мен қалалық Полиция басқармасының фронт-офисі өз жұмысын бастады. Бүгінде фронт-офистер барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде жұмыс істеп келеді. Азаматтардың арыздары мен өтініштеріне жауап беру түрлі форматта жүзеге асырылады. Жыл басынан Департаменттің виртуалдық қабылдауына, әлеуметтік желілердегі аккаунттарына, электрондық поштасы мен басшысының блогына келіп түскен 74 сұраққа жауап берілді.
Жақын арада облыстық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Президент Жолдауын талқылау бойынша кездесулерді саптық және аудандық полиция бөліністерінің жеке құрамымен өткізбек.






СҚО ПД баспасөз қызметі
