СҚО-ДА ҚЫЗМЕТТІК-ІЗДЕСТІРУ ИТТЕРІ 513 ҰРЛЫҚТЫ АШТЫ
Дүкен ұрлығы – із кесуге үйретілген қызметтік-іздестіру иті үшін қиын жұмыстардың бірі. Түрлі иістерге толы бөлмеден қажетті иісті ажыратып анықтау ит үшін күрделі болады. Бұл арада кинолог маманның да көмегі зор. Ол қылмыскер қолын тигізуі мүмкін заттарды анықтауы қажет. ...Кіші инспектор-кинолог полиция старшинасы Марал Құсайынов пен оның көмекшісі Дана есімді овчарка Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде орын алған дүкен ұрлығын ашуда өздерінің кәсібиліктерін көрсетті. Дана ізге түсіп, сақшыларды гараж кооперативтерінің, қаңырап бос қалған орындардың арасымен жүргізіп отырды. Бұл жерде заттай айғақтар табылып, иттің дұрыс келе жатқанын көрсетті. Овчарка полиция қызметкерлерін бұрындары мүліктік қылмыстар үшін істі болған Петропавл қаласы тұрғынының үйіне алып келді. Үйдің ішінен дүкен…