ПЕТРОПАВЛДЫҚ САҚШЫЛАР ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙДТЕРДІ КҮШЕЙТТІ

Рейдтер барысында маскүнемдікке салынғандар мен есепте тұрған тұлғалар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескертуге көңіл бөлінді.
Облыстық және қалалық полиция ведомстволарының 60 астам қызметкері 19 топқа бөлініп, Петропавл қаласындағы көшелерде, аулаларда, жатақханалар мен ащы суды құйып саудалайтын орындардың иелерінің рұқсат құжаттарын тексерді. Жатақханалар тұрғындарымен әңгімелесулер жүргізіліп, жасалатын құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда бірден шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтылды. Сонымен бірге, учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері көрсетілген визиткалар таратылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар жеке жоспар бойынша жұмыстар жүргізді.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, жалпы, рейдтердің нәтижелері бойынша 74 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың 35-і – Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе құжатсыз тұру, 13-і – қоғамдық орындарда темекеі шегу фактілері. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу үшін 11 әкімшілік хаттама толтырылған. Облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы айтып өткендей, осы сияқты рейдтер алдағы уақытта жалғасатын болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
