СҚО-ДА КҮЗЕТШІЛЕР 53 ҚЫЛМЫСТЫ АШУҒА ҚАТЫСТЫ ЖӘНЕ МЫҢНАН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

«16 күзет құрылымдарының мобильді топтарының 32 экипажы күн сайын күзетілетін объектілерде және полицияның біріккен күштері құрамында кезекшілікке шыққан кезде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерін орындауда. Жалпы облыс бойынша 106 күзет құрылымы, сондай-ақ сигнализацияның монтажымен және қызмет көрсетумен айналысатын жеке тұлғалар және 50-ден астам ұйым тіркелген – деді СҚО ПД Күзет қызметін бақылау жөніндегі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Самал Қасенова. – Күзетшілер ұрлық жасамақшы болған қаскөйлерді құрықтаған, сондай-ақ жанжалшылдардың тарапынан жасалған құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кескен».
Мәселен, өткен күндері қала дүкендерінің біріне дабыл белгісі бойынша келіп жеткен күзетшілер жанжал нәтижесінде тауар сөресін бұзған төбелесушілерді айырып жіберген. Бұл ретте, жедел ден қою тобы шақырған уақыттан өткен бір жарым минут ішінде келіп жеткен.
Тағы бір жағдайда күзетшілер сигнализацияның белгі беруіне ден қойып, күзетілетін объектіде белгілі тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаны анықтады. Ер адамды іздеп табу оңайға соқпаған, себебі ол күзет ұйымының қызметкерлерін көріп, қосалқы үй-жайда жасырынған.
2018 жылы СҚО-да жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерімен жалпы 1035 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұдан бөлек, олар 53 қылмысты ашуға қатысты.
СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
