Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КРИМИНАЛИСТЕРІ 6 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗДІ

«Өткен жылы оқиға орнын қарау үшін біздің қызметкерлер оқиға орнына 4,5 мыңнан астам рет шықты – деді СҚО Полиция департаментінің ЖКБ бастығы полиция полковнигі Игорь Семенов. – 2533 - қол ізі, 2040 - трасологиялық, 207 - одорологиялық із, 287 - микробөлшек алынды».

Дактилоскопиядан кейін ауқымды жұмыс көлемі трассологияға тиесілі. Бұнда барлық із түрлері – аяқ киім, көлік құралдары, бұзу құралдарының және тағы басқалары зерттеледі. «Бірде қылмыскерді жерде қалған тізесінің, яғни матаның ізі бойынша күдіктінің шалбарының матасымен сәйкестендіру арқылы анықтау мүмкін болды – дейді Игорь Семенов. – Көбінесе аяқ киім іздерімен жұмыс істейміз. Мысалы, аяқ киім іздері вокзал ауданында және Жұмысшы кентінде жасалған бірнеше ұрлыққа қатысы бар 30-жасар қала тұрғынын анықтауға септігін тигізді. Бұдан бұрын ұқсас қылмыстар үшін сотталған қаскөй жер үйлерге кіріп, ақшаны қолды қылған. Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлімі «Ұрлық» бойынша сотталды. Оның аяқ киімінің іздері ең маңызды дәлелдердің бірі болды».

Іздермен жұмыс істеуде арнайы білім мен шыңдалған дағдылар қажет. Із қалған жердің жағдайы өте маңызды. Гипстан бедерді жасауға немесе ізді дактопластинаға көшіру мүмкін болмаған жағдайда ізді суретке түсіреді. Тіпті бұл әрекетті жасау үшін асқан дәлдік қажет – сот суреті ережелері аз ғана бұзылатын болса, яғни суретке жарық дұрыс түспей, бейне бұрмаланып кетсе, дәлел жарамай қалады.

Криминалистер «көрінбейтін іздермен» де жұмыс жасайды. «Көрінбейтін іздер» арнайы құралдар арқылы анықталады және анықтаған кезде қылмыскермен жасалған әрекеттер тізбегін елестетіп, ең бірінші кезекте іздейтін жерлерді анықтау қажет. Мәселен, ЖКБ қызметкерлері өткен жылдың жазында жанар-жағармай құю бекетінде болған тонауды тергеген кезде көзге көрінбейтін аяқ киім іздерін анықтаған. Қылмыскер әшкереленіп, ҚР ҚК 191-бабы «Тонау» бойынша сотталды.

Жалпы жыл басынан СҚО ПД криминалистері 14447 жедел-іздестіру іс-шараларына және тергеу әрекеттеріне қатысты, 6205 криминалистикалық зерттеуді, криминалистикалық есептер бойынша 5695 тексеріс жүргізген, 474 фоторобот жасады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
723

Еще по теме

СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КРИМИНАЛИСТЕРІ 6 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗДІ - Yvision.kz