Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО-ДА ҚЫЗМЕТТІК-ІЗДЕСТІРУ ИТТЕРІ 513 ҰРЛЫҚТЫ АШТЫ

Дүкен ұрлығы – із кесуге үйретілген қызметтік-іздестіру иті үшін қиын жұмыстардың бірі. Түрлі иістерге толы бөлмеден қажетті иісті ажыратып анықтау ит үшін күрделі болады. Бұл арада кинолог маманның да көмегі зор. Ол қылмыскер қолын тигізуі мүмкін заттарды анықтауы қажет.

...Кіші инспектор-кинолог полиция старшинасы Марал Құсайынов пен оның көмекшісі Дана есімді овчарка Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде орын алған дүкен ұрлығын ашуда өздерінің кәсібиліктерін көрсетті. Дана ізге түсіп, сақшыларды гараж кооперативтерінің, қаңырап бос қалған орындардың арасымен жүргізіп отырды. Бұл жерде заттай айғақтар табылып, иттің дұрыс келе жатқанын көрсетті. Овчарка полиция қызметкерлерін бұрындары мүліктік қылмыстар үшін істі болған Петропавл қаласы тұрғынының үйіне алып келді. Үйдің ішінен дүкеннен қолды болған тауарлық-материалдық құндылықтар табылды...

Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлімі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Іс тараптардың татуласуынан тоқтатылды. Ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды.

«2018 жылы із кесу жұмысы бойынша қызметтік-іздестіру иттері 685 рет қолданылды. Бұл жыл бойы болған қолданулардың үштен бірі ғана. Иттердің көмегімен 717 қылмыс ашылды. Қылмыстардың 513-і – ұрлық», - дейді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция майоры Самат Төлебаев.

Сондай-ақ, иттер денсаулыққа орташа зиян келтірудің – 6, алаяқтықтың – 169, тонаудың – 29, қарақшылықтың – 2 жағдайын ашуға көмектесті.

Ит жылы есірткі заттарын анықтау бойынша фактілер де аз болған жоқ. Бұл жағдайларда иттер 1345 рет қолданылды. Олардың 1212-сі – патрульдік полицияның бекеттерінде көліктерді тексеру кезінде болды. «Өткен жылдың символдары» есірткімен байланысты 21 қылмысты ашты. 7,5 килограмнан астам есірткі тәркіленді. Олардың 5 келіден астамы – героин.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
509

Еще по теме

СҚО-ДА ҚЫЗМЕТТІК-ІЗДЕСТІРУ ИТТЕРІ 513 ҰРЛЫҚТЫ АШТЫ - Yvision.kz