СҚО ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУҒА ПОЛИЦИЯНЫҢ 15 ЭКИПАЖЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
Ауа райының күрт суытуына байланысты Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала сыртындағы жолдарды бақылауға алды. Облыс аумағында күн сайын қала сыртындағы жолдарды қадағалауға патрульдік полиция батальонының 15 экипажы шығады. Полиция қызметкерлері мен құтқарушыларға қойылған басты міндет – жүргізушілердің және автокөліктер жолаушыларының үсіп қалуын болдырмау. Тәртіп сақшылары келе жатқан автокөліктердің жүргізушілерінен жалпы жол үстіндегі жағдайды, ақаулардың пайда болуы салдарынан тоқтауға мәжбүр болған автокөліктердің бар-жоғын сұрастырады. 4 ақпан күні Шал ақын ауданында «Жезқазған-Петропавл» автожолының 741 шақырымында Омбы қаласынан Қостанай облысына жүк тасымалдап бара жатқан, 56-жасар жүргізуші басқарған Volvo жүк көлігі қозғалтқыштың істен…