Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖҰРТШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУДІҢ САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жұртшылық өкілдерінің осындай көшпелі отырыстар өткізуі осыған дейін де қолға алынған-ды. Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовтің айтуынша, 2018 жылы қоғамдық кеңес өкілдері 30 астам ауылдық округте болып, облыстың 3 ауданында жеке құраммен және жұртшылықпен кездескен. Биылғы алғашқы отырысқа құқық бұзушылықтардың сотқа дейінгі тергелуін сапалы жүргізу, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын сақтау сұрақтары шығарылды.

СҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков негізсіз ұстау фактілерін жоққа шығару мақсатында полициямен қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандырды. Бұл дегеніміз – азаматтардың ғимаратқа кіру уақытын тіркейтін электрондық өткізу жүйесінің жұмыс істеуі, ашық қабырғалармен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған тергеу кабинеттерінің болуы.

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кей жағдайларда, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған уақыттарда қолданылады. Өткен жылы күдікті тұлғаларды ұстау екі есе азайды. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 505 болса, 2018 жылы 241-ді құрап отыр. Тергеу барысында сотқа дейінгі тергеуге және қылмыстық, қылмыстық-процесстік заңнама бұзушылықтарын болдырмауға баса назар аударылады.

2018 жылы сотқа дейінгі тергеу органдарымен 10038 қылмыстық іс аяқталды. Оның ішінде 2635 іс сотқа жөнелтілді, тараптардың татуласуынан 2766 іс тоқтатылды.

Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов қылмыстық істерді тергеу, ақтау үкімін шығару кезіндегі кемшіліктерді талдау жұмысына тоқталды. Қалалық полиция бөлінісі бастығының айтуынша, жас қызметкерлерді үйретуге, оларға әдістемелік және тәжірибелік жағынан, әсіресе, тергеу әрекеттерін жүргізуде және қолданыстағы заңнаманы меңгеру бойынша көмек көрсетуге көңіл бөлінеді екен. Баяндамашылар Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, қылмыстық сот ісін жүргізуді ізгілендіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Бұдан бөлек, Консультативтік-кеңесші органның 2019 жылға арналған барлық отырыстарының күн тәртіптерінің жоспарларындағы тармақтар қабылданып, бекітілді. Олар – пробациялық бақылау тиімділігін қамтамасыз ету, жаңа кадрларды дайындау сұрақтары, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу проблемалары. СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов Консультативтік-кеңесші органның отырысын қорытындылай келе, қаралып отырған мәселенің өзектілігін атап өтті: «Сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету – қоғам сенімінің маңызды көрсеткіші. Заңдылықты бұзудың әр фактісі мұқият тексеріліп, олар бойынша қатаң шаралар қабылдануы қажет...».

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
447

Еще по теме

ЖҰРТШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУДІҢ САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ - Yvision.kz