«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР»
Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізді. Дәмханалар, компьютерлік клубтар, сауда үйлері – сағат 23.00-ден кейін дәл осы орындар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың назарында. Облыс орталығындағы колледждердің бірінде білім алып жүрген 17 жастағы оқушы, түнгі уақытта ересектердің ілесіп жүруінсіз қаланың ортасындағы сауда үйлерінің бірінде тәртіп сақшыларының назарына ілінді. Жасөспірім полицияның жылжымалы пунктіне шақырылып, онымен профилактикалық түрдегі әңгімелесу жүргізілді. Оның түнгі қалада жалғыз өзі жүруі құқық бұзушылық екені айтылып, көшеде тым кеш серуендеуі оған қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге ұрындыруы мүмкін екендігі түсіндірілді.…