ПЕТРОПАВЛДА ЖАС ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Петропавл қаласының Полиция басқармасында полицияның жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің слеті өтті. Ұйымдастырушылар жоспарлағандай, жас құрам аға офицерлердің баяндамасы мен ғибраттарын тыңдап қана қоймай, олар үшін зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Бұл кездесудің тағы бір ерекшелігі – іс-шараға жас полицейлердің ата-аналары қатысты.
Жедел уәкілдер, тергеушілер, сондай-ақ әкімшілік полиция қызметкерлері – қалалық полиция ведомствосының акт залында үш жылдай қызмет атқарып жүрген 55 офицер мен сержант жиналды. Олардың тәжірибелі тәлімгерлерімен бірге слетке ардагерлер, сондай-ақ жас қызметкерлердің ата-аналары да келді. Қалалық полиция ведомствосының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов іс-шараны аша отырып, шын мәнінде полицияның жас қызметкерлеріне ерекше міндеттер пен зор үміттер жүктелетіндігіне тоқтала кетті. Слеттің басты мақсаты – ұжымда жұмыла жұмыс атқаруға қол жеткізу.
Бұл күні тоғыз жас қызметкер көптен күткен «полиция лейтенанты» арнайы атағымен иық белгісін алды. Есте қаларлық оқиға жасы үлкен әріптестерінің, ата-аналар мен ардагерлердің қол соғуымен өтті, бұл іс-шараны салтанатты сәтін айшықтай түсті. Бұдан бөлек, «Мінсіз қызметі үшін» медалімен тәжірибелі алты қызметкер марапатталды.
Сондай-ақ алғыс хаттармен жеті полиция қызметкерінің ата-анасы марапатталды. Олардың әрқайсысы балаларын лайықты офицерлер мен сержанттар қылып тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.
«Мен – криминалдық полиция бөлімінде жұмыс істейтін полиция лейтенанты Жадыра Момынның анасымын. Қызымды тәрбиелегенім үшін бүгін жас қызметкерлер слетінде алғыс хат алдым. Қызымды мақтан тұтамын. Ол үшін қуаныштымын. Полиция басшылығына осындай іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын», - дейді полиция қызметкерінің анасы Бекзат Момынова.
Заңнама бойынша білім мен жұмыстағы дағдыны бекіту үшін командаға «Құқық білгірлерінің турнирі» интеллектуалдық ойыны көмектесті. Төрт команданың ішінен тәлімгерлер командасы үздік шықты. Слет облыстық полиция ведомствосының Мәдени орталығының погон таққан әртістерінің күшімен дайындалған концертпен аяқталды.









СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
