Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 990 БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ

Облыстық Полиция департаментінде табиғатты қорғау заңнамасының нормаларын сақтау сұрақтары талқыланды. Кеңеске Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, сондай-ақ, орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі облыстық аумақтық инспекциясының 50-ден астам өкілі қатысты.

СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов кіріспе сөзінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзушылықтарын анықтау мен оларды ескерту бойынша күш біріктіру қажеттігін алға тартты: «...Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануда және оны қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау қызметтері тығыз қарым-қатынас жүргізуі қажет...».

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша солтүстікқазақстандық полиция жұмысының нәтижелері туралы СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы полиция майоры Сергей Липко баяндады: «...2018 жылы облыста табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықтарының саны 990 фактіні құрады. Заңсыз аңшылықтың – 644, балықтарды, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерді аулаудың – 268 фактісі анықталды. Экологиялық қылмыстар бойынша 96 қылмыстық іс қозғалды. Ауаны ластау бойынша – 1, жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану бойынша – 6, балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз жолмен аулау бойынша – 5, заңсыз аңшылық бойынша – 13, ағаштарды заңсыз жолмен кесу бойынша – 71 іс...».

Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі облыстық аумақтық инспекциясы, Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастықтарының орынбасарлары Бейбіт Қызбикенов пен Анатолий Усольцев өз ведомстволарының 12 айда атқарған жұмыстарын, сондай-ақ полициямен өзара іс-қимыл жасасқан оң тұстарды да айтты.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Қарағанды облысында қорықшыларға қатысты жуырда жасалған резонанстық қылмысқа да тоқталды. Солтүстік Қазақстан облысында табиғатты қорғау қызметкерлеріне қатысты қылмыстар соңғы рет өткен ғасырдың алпысыншы жылдары жасалған болатын. 1969 жылдың соңында «Петропавл – Сергеевка» автожолының маңында қарағай орманын күзетіп жүрген тәжірибелі учаскелік техник-орман маманы Есмақан Махметов бейтаныс адамдардың қолынан қаза тапқан еді...

...Тағы бір оқиғада 1981 жылдың қыркүйек айында Мамлют ауданындағы қорықта браконьерлерді құрықтау барысында қорықшы Анатолий Гусельников пен аңшылық инспекторы Владимир Гуфенко атылып өлтірілді. Оларды өлтірген қылмыскерлер ұсталып, қатаң жазаға тартылды.

Облыстық полиция бастығының айтуынша, қазіргі криминалдық әрекеттерге тиімді төтеп беру үшін полиция қызметкерлері мен табиғи ресурстарды қорғаушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасасып қана қоймай, олар заманауи керек-жарақпен, барлық қажетті техникалық құрал-жабдықтармен жарақталуы тиіс.

Кездесу соңында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін аңшылық шаруашылықтарының бірқатар инспекторлары Полиция департаменті бастығының қолынан алғыс хаттар алды. Өңірдің бас полицейі биылғы жылы моральдық және материалдық тұрғыда аталмыш саланың қызметкерлерін жігерлендіру үшін табиғатты қорғау қызметтері қызметкерлерінің арасында кәсіби конкурс өткізу бастамасын ұсынды. Оның нәтижелері бойынша жалпы нитәжелер шығарылып, үздік көрінгендер қомақты марапаттар алатын болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
1092

Еще по теме

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 990 БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ - Yvision.kz