СҚО ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ СНАРЯД ТАУЫП АЛДЫ
Ауыл тұрғыны снарядқа ұқсайтын металл затты тауып алғандығы жөнінде Заречный ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторына хабарлайды. Полиция майоры Олег Войцеховский аталған факті туралы аудандық полиция бөлімін хабардар еткеннен кейін Чириковка ауылына кинологтар мен саперлар шұғыл келді. Снаряд контейнерге салынып, зерттеуге жіберілді. Ер адамның айтуынша, белгісіз зат метал сынықтарының арасында жатқан, оны біреу басқа метал конструкциясымен бірге алып келгенге ұқсайды. Азамат соғысынан бері жатуы мүмкін снаряд СҚО ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлерімен оқу полигонының аумағына жеткізіліп, жойылды. Өткен ғасырдың артиллериялық снаряды ағымдағы жылы осымен екінші рет табылып отыр. Полицейлер снарядтың тот басып, бұзылуына қарамастан, қауіп төндіргені туралы ескертті, себебі оның…