Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО-ДА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ КӨЛІГІН 20 ЖЫЛДАЙ УАҚЫТ ӨТКЕН СОҢ РӘСІМДЕДІ

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының 15 жерінде халықпен әңгімелесу үшін «Мобильді» алаңдар ұйымдастырылды. «City mall» сауда-көңіл көтеру орталығының жанында облыстық полиция ведомствосының басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев азаматтарды қабылдау жүргізді. Барлық сұрақтарды ол бақылауға алып, тиісті басқармалардың басшыларына әрбір жағдайдың анық-қанығын анықтауға тапсырма берді. Сонымен қатар, полиция қызметтерінің бастықтарымен бірге солтүстікқазақстандықтардың қойған сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысының орынбасары Есқали Саламатов та жауап берді. «Осындай әңгімелесу алаңдарын құрудың басты мақсаты – азаматтарға ішкі істер органдарының құзыретіне қатысты, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін ұғындыру. Бүгінгі таңда полицияның жұмысындағы басты принцип – ашықтық пен айқындылық, халықпен жұмыс істеу үшін кедергісіз орта құру. Жұмыстың бұл түрі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде тиімділікті арттырады», - дейді облыстық полиция ведомствосының басшысы. Үлкен ЛЕД-экраннан күні бойы жолдарда, қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелейтін профилактикалық роликтер көрсетілді. Жол қозғалысының жас инспекторлары жолда тәртіпті сақтауға шақырды. Таңертеңнен полицейлермен бірге №8 мектептің оқушылары қызметке түсіп, қауіпсіздік ережелері туралы бүктемелер таратты.

«Мобильді қабылдау» өз жұмысын Петропавлдағы көпқабатты үйлердің аулаларында да ұйымдастырды. Мұнда тұрғындар шулы отырысты ұнататын көршілер, аулалардағы желікпелер, ешбір заңды негізсіз көлік қоятын орынды меншіктеп алушылар мәселесін көтерді.

Мамлют ауданының тұрғынына полицейлер жүк көлігін ресімдеуге көмектесті. Андрей Шанаурин «Колхиданы» 90-шы жылдардың басында сатып алған, бірақ оны осы уақытқа дейін пайдаланбаған. «Қабылдау» кезінде тіркеу-емтихан алу жұмысы бөлімінің қызметкерлеріне аталған көлікті тіркеу мәселесі бойынша жүгінген. Барлық құжаттарды тексеріп, полицейлер құқық белгілейтін құжаттарды беруді заңды деп тапты. Енді ауылдық тұрғын өз ЖШС шаруашылық жұмыстары үшін ауыр жүк көлігін еш алаңсыз пайдаланатын болады.

…Полицейлер жыл сайын көлікті сақтандыру үшін 30 мыңнан 40 мың теңге дейін төлеп, ресейлік есепте тұрған машинамен ұзақ уақыт жүрген ресейлікке де көмек қолын созды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы 2014 жылы Ресейден Қазақстанға тұрақты тұруға оралған. Ол бұрын шетелдік көлігін Қазақстаннан сатып алып, кейін Ресейде есепке қойған, сататын ойы болмаған. Қазақстанда есепке қайта қоюға құқығы барын білмей, ресейлік тіркеумен жүре бердім дейді. Жыл сайын техникалық байқаудан өту, көлікке салық төлеу үшін Ресейге баруға тура келетін. Ол көлігінің жыры жайлы ТЕЖБ бастығы полиция подполковнигі Сергей Гизбрехтке айтқан. Ер адам көлікті Қазақстанда есепке қоюға болатыны, осылайша барлық қолайсыздықтар мен материалдық шығындардан құтылатыны жайлы кеңес алды. Вячеслав Попов полицейлердің кеңесін пайдаланып, өзінің шетелдік көлігін қазақстандық тіркеуге қойды, әрі бір жылға көлікті сақтандыру үшін төленген артық қаражатты қайтарып та алды.

«Жолда қабылдау» жұмысының алғашқы сағаттарында барлығы 40 сұрақ келіп түсті.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
589

Еще по теме

СҚО-ДА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ КӨЛІГІН 20 ЖЫЛДАЙ УАҚЫТ ӨТКЕН СОҢ РӘСІМДЕДІ - Yvision.kz