16 салт атты полицей Петропавл саяжайларын патрульдеуде
Патрульдік автомобильдер өте алмайтын жерлерде полицейлер атқа отырады. Өнім жинау науқанына дейінгі негізгі проблема - ішімдікке әуес жандар. Кавалеристердің айтуынша, саяжайшылардың мазасын алған мас тұлғалар автопатрульдерге күн сайын тапсырылады. Басты міндеттер – профилактика, байланыс орнату, жағдайды зерделеу.Кавалеристер саяжай қоғамдастығы төрағаларымен кездеседі, байланыс телефондарымен алмасады. Саяжайшылармен де әңімелесіп, иелері түнеуге қалатын саяжайлар немесе иесіз қалған саяжайлар туралы сұрастырады. «Полицейлер, адамдармен қарым-қатынас жасау – жұмыста өз нәтижесін беретінін жақсы біледі, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Әлібек Ғабдуллин. – Күн сайын Заречный, Мичурино, Солнечный және Новопавловка кентт…