Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПЕТРОПАВЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДАРДА САУДА ЖАСАУДЫҢ 495 ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

«Әдетте бұзушылармен жұмыс профилактика түрінде жүргізіледі, - деп түсіндірді Петропавл қ. ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Нұржан Қожағұлов. - Әкімшілік ықпал етудің басты шарасы – ескерту. Қызметкерлер сауда жасау арнайы белгіленген орындарда жүргізілуі тиіс екендігін айтып түсіндіреді».

Тек, соңғы екі күн ішінде қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 6 фактісі анықталды. Аталған бұзушылықты бірнеше рет жасап отырғандықтан, барлығына айыппұл салынды. Мәселен, Пушкин және Бөкетов көшелері қиылысында жеміс-жидек сатумен айналысатын 1996 және 1999 жылдары туған облыс орталығының тұрғындары бір жылдың ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

Стационар емес сауда объектілерін орнату орындарының тізімі әр елді мекенде жергілікті атқарушы органдарымен белгіленеді. Облыс орталығында тізім қалалық әкімдіктіктің кәсіпкерлік бөлімімен жасалған. Түсінік алу үшін сол жерге хабарласуға болады. Тізімде Исмаилов және Н. Назарбаев көшелерінің қиылысындағы қоғамдық көлік аялдамасы, Смирнов көшесі бойындаңы «Заря» қонақүйі маңы және басқа да 10 сауда нүктесі көрсетілген.

Түсіндіру жұмыстары өз жемісін беруде: былтырғы жылмен салыстырғанда ҚР ӘҚБТК 204-бабы бойынша бұзушылықтар саны екі есеге азайған. Егер былтырғы жылдың 5 айында 948 факті тіркелсе, 2019 жылдың 5 айында 495 факті тіркелеген. Жалпы облыс бойынша да төмендеу байқалады: былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 661 факті - 116 фактіге қарсы.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
252

Еще по теме

ПЕТРОПАВЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДАРДА САУДА ЖАСАУДЫҢ 495 ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ - Yvision.kz