Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҮЗДІК ТӘЛІМГЕРДІ АНЫҚТАДЫ

Еңбек өтілі жылға толмайтын полицейлер үшін оқыту семинарлары мен тренингтер, сондай-ақ мәдини бағдарлама ұйымдастырылды. Мәдини бағдарлама аясында Абылай хан резиденциясына, СҚО ПД музейіне экскурсия ұйымдастырылды және міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Осы кезде олардың тәлімгерлері кәсіби байқауда күштерін сынасты: заңнамаларды білуіне тест тапсырды, дене шынықтыру дайындықтарын көрсетті. Аққайың ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы бастығы полиция капитаны Александр Лизун үздік тәлімгер деп танылды. Ол СҚО атынан Нұр-Сұлтан қ. өтетін конкурстың республикалық кезеңіне жолдама алды.

«Өзімнің қамқорлығымдағы жас қызметкер полиция кіші сержанты Азамат Листопадты патриоттыққа, толерантылыққа, адамдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге талпынамын – дейді Александр Лизун. Тәлімгер болу оңай емес – мамандықтың қыр-сырын ғана үйретіп қоймай, саған қарап бой түзейтіндей үлгі көрсетуі маңызды».

Слёттің жабылу салтанатында Александр Лизун, сондай-ақ екінші және үшінші орын иегерлері - Тайынша АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Аслан Боков пен Қызылжар АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Имран Магомедов СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Облысымыздың бас полицейі жас қызметкерлерге слётке қатысушы сертификаттарын табыстады.

«Сіздер қиын жолды таңдадыңыздар, - деді өз сөзінде Марат Сағынтаев. Нормаланбаған жұмыс күні, міндеттемелер және қызмет ерекшеліктеріне байланысты қойылатын шектеулер жаңа ұжымға бейімделуде қиындықтар тудырады. Естеріңде болсын: тәжірибелі әріптестерің, орган ардагерлері, сендерді мақтан ететін ата-аналарың, бастысы, өз ісінің шебері етіп тәрбиелеу міндеті тұрған - тәлімгерлерің қол ұшын созуға әрқашан дайын».

Жас полицейлер және ізгі тілектерін білдірген полиция ведомствосының басшылығы мен ардагерлері қызмет көрсету орындарына жақсы көңілмен тарасты.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
365

Еще по теме