Перейти к содержимому
bakoniaalim

bakoniaalim

На сайте с 22 июля 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

16

комменты

1

подписчика

3

подписок

8

МузАрт Live

Қазір бар ма, жоқ па, білмеймін. Естеріңізде болса, бала кезімізде анкета деген дүние болған.Тілек жазамыз. Индиский сурет жабыстырамыз. Оның өз сұрақтары болатын. Ең сүйікті әншің және әнің деген сұраққа М. Бесбаева және "Сен үшін жаралғандаймын" деп жауап беретінбіз. Біз дегенім біз сынып болып осы әнге және оның орындаушысына ғашық болдық. МузАрт пен Мейрамбекті сүйіп тыңдадық. Кеще "МузАрт Live-ты" көріп отырып, еске балалық шақ түсіп кетті ғой.

1
0
407

GGG!!!GGG!!!GGG!!!

Жарайсың!!! GGG!!!GGG - қазір Қазақстандық брендке айналған. Және қазақтың ұлттық шапанын брендке айналдырып жүр. Жаңа ғана оқыдым. Ол - қазір әлемдегі ең бай екінші боксшы. Қазақстандық боксты Гена арқылы бар әлем танып жатыр.Ал қазір Келл Брукпен болатын бокс өте қызу талқылануда. Бұл туралы әлемдегі ең мықты боксерлер өз пікірлерін білдіруде. Британиялық боксшы Амир Хан IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брук пен WBA/WBC/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жекпе-жегі жайлы өз пікірімен бөлісті. «Бртаниялық боксшылар соңғы кездері өздерін бокста белсенді көрсетіп жүр, үздіктердің үздігімен жұдырықтасудан қорықпай, тәуекелге барады», — деп жазды Хан «Твиттерде». Британдық бокшы Мартин Мюррей орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысы қазақстандық Геннадий Головкинмен…

4
0
419

Адамзат! Тажалдан бас тарт!

Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні Бүгінгі күнді бүкіл әлем ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күні деп атады. Дәл осы күні Елбасының жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылған еді. Яғни бүгін Семей ядролық полигонынының жабылғанына 25 жыл толып отыр. Қазақстан ядролық қарудан алғашқы болып бас тартты. Міне, енді осы бастама өз нәтижесін беріп отыр. Адамзаттың тажалына айналған ядролық қаруға қарсы күнді белгілеп, осы бір алапат қаруға күллі әлем қарсы екенін танытты. Бастысы нәтиже бар. Жер бетінен ядролық қару жойылар күнге де жетерміз деп сенеміз. Лайым солай болғай. Адамзат! Тажалдан бас тарт!Айтайын дегенім осы -қысқасы. P.S.:Айтпақшы, ұлттық арна ала таңның атқанынан Семейдің шындығы мен сұмдығы туралы сюжеттер беріп жатыр. Сол сюжетті көргеннен кейінгі ой. #Қарудан_бас_тартқ…

4
1
389

Футбольная «ночь»

Наконец-то пришло время стать свидетелем еще одной событий в историй Казахстанского футбола. Сегодня состоится ответный матч третьего раунда квалификации Лиги чемпионов между командами «Астана» и шотландский «Селтик ». Игра  пройдет на стадионе «Селтик Парк» в городе Глазго. Как Вы знаете, в прошлый раз наши футболисты не смогли победить шотландцев, зафикцирована ничья.  Сегодня решающая игра, ибо это мачт определяет будущее «Астаны» европейской арене. Так что, сегодня наша поддержка нужна как никогда. Давайте пожелаем «Астане»удачи и легкой игры! Вы можете посмотреть прямую трансляцию по времени Астаны в 00:35 на телеканале «Казахстан».

3
0
382

РИО!!! РИО!!! РИО!!!

Тұғырлы тәуелсіздігімізбен бірге Қазақстандықтар кеудесінде олимпиада медалы пайда болды. Өз қолымыз өз аузымызға жетті деген осы шығар. Әмит Тұяқов сынды жүйріктеріміз КСРО жеңімпазынан артық аса алмаған еді. Есесіне, тәуелсіздік таңы атқаннан кейін, Әмит ағамыздың шәкірті Ольга Шишигина алтыннан алқа тақты. Иә, Аллаға шүкір, азат күн болғалы қанжығамыз майланарлықтай-ақ майланды. Мен дүние есігін ашқан сәттен бастап, еліміз олимпиадаға қатысып, көп дүниеге қол жеткізді. Мен дүниеге келіп, елімізге медаль әкеле бастадым деп, позитив қосып қояйын... 52 медаль... 16 рет алтынмен апталдық. 17 рет күміспен күптелдік. 19 рет қоланы місе тұттық. 5 олимпиадада қара қазақ баласы қанша медалға ие болды? 1996 жылы мен енді ғана дүние есігін ашқанда, 11 медаль алдық. 4 қазақ медалды кеудесіне тақты…

3
0
434