GGG!!!GGG!!!GGG!!!
Жарайсың!!! GGG!!!GGG - қазір Қазақстандық брендке айналған. Және қазақтың ұлттық шапанын брендке айналдырып жүр. Жаңа ғана оқыдым. Ол - қазір әлемдегі ең бай екінші боксшы. Қазақстандық боксты Гена арқылы бар әлем танып жатыр.Ал қазір Келл Брукпен болатын бокс өте қызу талқылануда. Бұл туралы әлемдегі ең мықты боксерлер өз пікірлерін білдіруде.
Британиялық боксшы Амир Хан IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брук пен WBA/WBC/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жекпе-жегі жайлы өз пікірімен бөлісті.
«Бртаниялық боксшылар соңғы кездері өздерін бокста белсенді көрсетіп жүр, үздіктердің үздігімен жұдырықтасудан қорықпай, тәуекелге барады», — деп жазды Хан «Твиттерде».
10 қыркүйекті болатын бокс бәсекесінде Қазақстандық боксшыға жұлдыз спортшылар қолдау көрсетпек.
«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшылары Уэйн Руни мен Златан Ибрагимович Головкиннің фанаттары екен. Сондықтан олар 10 қыркүйекте өз алаңында «Манчестер Ситимен» дерби күтіп тұрса да, матчтан кейін Лондондағы бокс кешіне бармақ.
Айта кетейік, Канело Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласын нокаутқа түсіретініне сенімді.
Бар әлемнің Гена туралы ойы осындай. Біз де Генаға сенеміз. Алға GGG!!!
Бәріміз жанкүйер болып отырған Генаның ең жарқын жеңістерінің бірін 10-қыркүйекте 00:00 де "Қазақстан" және "Kazsport" телеарналарынан тамашалайтын боламыз.
