Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РИО!!! РИО!!! РИО!!!

Тұғырлы тәуелсіздігімізбен бірге Қазақстандықтар кеудесінде олимпиада медалы пайда болды. Өз қолымыз өз аузымызға жетті деген осы шығар. Әмит Тұяқов сынды жүйріктеріміз КСРО жеңімпазынан артық аса алмаған еді. Есесіне, тәуелсіздік таңы атқаннан кейін, Әмит ағамыздың шәкірті Ольга Шишигина алтыннан алқа тақты. Иә,  Аллаға шүкір, азат күн болғалы қанжығамыз майланарлықтай-ақ майланды. Мен дүние есігін ашқан сәттен бастап, еліміз олимпиадаға қатысып, көп дүниеге қол жеткізді. Мен дүниеге келіп, елімізге медаль әкеле бастадым деп, позитив қосып қояйын...  52 медаль... 16 рет алтынмен апталдық. 17 рет күміспен күптелдік. 19 рет қоланы місе тұттық.

5 олимпиадада қара қазақ баласы қанша медалға ие болды? 1996 жылы мен енді ғана дүние есігін ашқанда, 11 медаль алдық. 4 қазақ медалды кеудесіне тақты. Боксер - Болат Жұмаділов күміспен күптелді. Ал Ермахан Ыбрайымов пен Болат Ниязымбетов қола жүлдегері атанды. Мәулен Мамыров еркін күрестен қоланы місе тұтты.

2000 жылы 7 медалдың 4-уі тағы да қазақ баласының еншісінде. Қос қазақ  баласы Олимпиада чемпионы атанды. Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Оның ізін Ермахан Ыбрайымов жалғады. Болат Жұмаділов тағы да күміспен күптелді. Мұхтархан Ділдәбеков те күміс медальдың иесі атанды.

2004 жылы мен мектепке бардым. Бахтяр аға алтын алды. Серік (Елеуов) аға қоланы місе тұтты.

2008 жылы Бейжіңде 13 медальға қол жеткізді. Бұл медальдардың алтауы қазаққа тиесілі. Онда Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі) алтын медаль жеңіп алса, Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), күмісті қанжығасына байлады. Ал Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылмановтар (таэквондо, 80 келі) жеңіс тұғырын үшінші сатыда тұрды.

2012 жылы Лондонда да спортшыларымыз 13 медальға қол жеткізді. Соның үшеуін қазақ спортшылары жеңіп алды.  Оның бірі - көптен күткен Серік ағаның алтыны (бокс, 69 келі), олимпиадада жаурыны жерге тимей кеткен күміс жүлдегер Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі) және қола жүлдені иеленген Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі)

Олимпиададан 19 медаль жеңіп алдық. 5-еуі алтын, 5-еуі күміс, 9-ы қола.

РИО!!! РИО!!! РИО!!! Бұл жолы қаракөз қазақ қанжығысына қанша медал түсер екен?

3
0
435

Еще по теме

РИО!!! РИО!!! РИО!!! - Yvision.kz