Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Адамзат! Тажалдан бас тарт!

Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

Бүгінгі күнді  бүкіл әлем ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күні деп атады.  Дәл осы күні Елбасының  жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылған еді. Яғни бүгін Семей ядролық полигонынының жабылғанына 25 жыл толып отыр.

Қазақстан ядролық қарудан алғашқы болып бас тартты. Міне, енді осы бастама өз нәтижесін беріп отыр. Адамзаттың тажалына айналған ядролық қаруға қарсы күнді белгілеп, осы бір алапат қаруға күллі әлем қарсы екенін танытты. Бастысы нәтиже бар. Жер бетінен ядролық қару жойылар күнге де жетерміз деп сенеміз. Лайым солай болғай. Адамзат! Тажалдан бас тарт!Айтайын дегенім осы -қысқасы.

P.S.:Айтпақшы, ұлттық арна ала таңның атқанынан Семейдің шындығы мен сұмдығы туралы сюжеттер беріп жатыр. Сол сюжетті көргеннен кейінгі ой. #Қарудан_бас_тартқанымыз_қандай_жақсы_болға! #Cемей_25_жыл

 
4
1
390

Еще по теме

Адамзат! Тажалдан бас тарт! - Yvision.kz