МузАрт Live

Қазір бар ма, жоқ па, білмеймін. Естеріңізде болса, бала кезімізде анкета деген дүние болған.Тілек жазамыз. Индиский сурет жабыстырамыз. Оның өз сұрақтары болатын. Ең сүйікті әншің және әнің деген сұраққа М. Бесбаева және "Сен үшін жаралғандаймын" деп жауап беретінбіз. Біз дегенім біз сынып болып осы әнге және оның орындаушысына ғашық болдық. МузАрт пен Мейрамбекті сүйіп тыңдадық. Кеще "МузАрт Live-ты" көріп отырып, еске балалық шақ түсіп кетті ғой.
