Перейти к содержимому
azret_sultan

Даулет Кожамуратов

@azret_sultan

На сайте с 8 июня 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

31

комменты

0

подписчик

1

подписок

0

ӘЗІРЕТ СҰЛТАНДАҒЫ ІЗГІ ІС-ШАРА

2016 жылдың 16 шілде күні Байдәулет Құдайберліұлының «Әзірет Сұлтан» кесенесінде жерленген тұлғалар тізіміне енгізілуіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ж.Әубәкір, Түркістан қаласының әкімі Ә.Шәріпбекұлы, мәслихат хатшысы Ә.Амантайұлы, баба ұрпақтары белгілі қоғам қайраткері «Құрмет» орденінің иегері С.Дүйсебеков, мед.ғ.д. Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясының профессоры Қ.Сақыпбаев, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. М.Хамзин, ұрпағы Т.Оңайбекұлы, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері және алыс жақын өңірлерден келген Байдәулет баба ұрпақтары қатысты. Ел билеген хандарымыз, елді жаудан қорғаған батырлар, ел мен елді жарастырып, ауызбіршілікті нығайт…

0
0
386

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кездесу болып өтті. Ақ дастархан басындағы кездесуге қорық-музей директоры Ж.Әубәкір, Түркістан қаласының құрметті азаматы, ақын, жазушы Н.Назаров, жергілікті «Түркістан» газетінің жауапты редакторы Д.Жұмабаев, Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері Б.Сердәлі, «Қазақ үні» газетінің меншікті тілшісі әрі ХҚТУ баспасөз хатшысы Ә.Тәшімова, «Дөңгеленген дүние» газетінің тілшісі Р.Нарымбет, «Ұстаз» газетінің тілшісі А.Ғаниқызы, БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты. Мерекелік дастархан барысында қорық-музей директоры Ж.Әубәкір келген қонақтарды, баспа қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, а…

0
0
547

«ЭТНО ШЫМКЕНТ»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, 16 маусым күні Шымкент қаласында «Қайнар» қонақ үй кешенінде туризм саласын дамыту бағытында, туризм бизнес өкілдерінің қызмет көрсету сапасын арттуры және туризм саласы мамандарының тәжірибе алмасуы мақсатында «Этно Шымкент» атты семинар-тренинг болып өтті. Атаулы шараның басты мақсаты Шымкент қаласының ішкі туризмін дамыту, туристтік өнімін жылжыту болып табылады. Семинар-тренингке туристтік компаниялардың, конақ үй кешен өкілдері, ұлттық туристтік өнім қолөнершілері, музей саласы мамандары және БАҚ өкілдері қатысты. Айтулы семинарға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің атынан директордың орынбасары Ғ.Садықов және мәдени байланыс жөніндегі менеджер Д.Қожамұратов қатысып қайтты.

0
0
357

ТҮРКІСТАН МЕН АТЫРАУДЫ ЖАҚЫНДАТҚАН КӨРМЕ

15 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайы қорынан ұйымдастырылып отырған «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көрменің салтанатты түрде ашылуы болды. Көрме мақсаты өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау. Атаулы көрмеге «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Р.Харипова, Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов, БАҚ өкілдері, қала қонақтары және музей қызметкерлері қатысты. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір көрменің маңыздылығына тоқтала келе, музейлер арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына тілектестігі…

0
0
430

ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ТҮРКІСТАН

14 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Төрт қақпалы Түркістан» тақырыбында шолу экскурсия болып өтті. Шараға қорық-музейдің директоры Ж.Әубәкір, тарихи-мәдени этнографиялық орталығының және музей қызметкерлері қатысты. Айтулы шолу экскурсияны қорық-музейдің экскурсия жүргізушісі Ә.Орынбекова жүргізді. Көне Түркістан қаласы қорғандарының бойында орналасқан «Жеті ата», «Тәкиә», «Мүсәллә» және «Дарбаза» қақпалары жайлы тарихи деректерді келтіріп, қаланың 1864, 1865, 1875 жылдарғы карталарын фото-слайд арқылы көрсетіп қызықты экскурсия жүргізді. Түркістан қаласының қақпалары жайлы ең алғашқы деректі Д.Г.Мессершмидтің құжаттары ішінен табылған Түркістан қаласының XVIIғ аяғындағы планынан көруге болады. Онда қаланы қоршаған қорған мен оның бойындағы алты қақпа…

0
0
498

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

13 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде «Өрт қауіпсіздігінен сақтану жолдары» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Атаулы шараға қорық-музей директоры Ж.Әубәкір, Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженерлері Ж.Оралбаев, Н.Тоқбай және қорық-музей ұжымы қатысты. Төтенше жағдайлар басқармасынан келген мамандар музей қызметкерлеріне өрт сөндіру, техникалық қауіпсіздік жолдарын, тілсіз жауға қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндіру мамандары музей қызметкерлерінің қойған сұрақтарына нақты жауаптарын беріп, сақтық шараларын үйретіп, арнайы парақшалар таратты. Осындай түсіндіру жұмыстарынан кейін тілсіз жаудың қатары 20-30 пайызға азайғандығын атап өтті. Жиын соңында музей директоры Ж.Әубәкір төтенше жағдайлар басқармасынан келген аға инж…

0
0
787

ӘЗІРЕТ СҰЛТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР НЫҒАЮДА.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі РМҚК «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Татарстан Республикасы ғылым академиясының А.Х Халиков атындағы археология институты арасында өзара ғылыми ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды. 
Келісім шарт жасасқан алғашқы күндерден бастап А.Х Халиков атындағы археология институтының қызметкері, белгілі нумизмат ғалым т.ғ.к., П.Н.Петров Түркістан өңіріне келіп, бірлесе атқарылар алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстары жобасында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қор сақтаушысы Т.Жолдасовпен бірге мұражайдың нумизматикалық жәдігерлер қорының каталогын жасауға қатысты жұмыстарды бастап та кетті.

1
0
291

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕГІ ҚҰРАН САЙЫС

30 мамыр күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде«Менің хикметтерімнің бар мағынасы – Құран» тақырыбында 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында құран оқудан байқау өтті. Бұл атаулы іс-шара 1 маусым «Балаларды қорғау» күні аясында ұйымдастырылып отыр. Айтулы мереке қарсаңындағы іс-шараның басты мақсаты Ұлы дала елінің ұлдарын имандылыққа, жас жеткіншектерімізді ел жандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Байқау Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің «Мешіт» бөлмесінде ұйымдастырылды. Байқаудың шарты бойынша қатысушылардың жасы 13 жастан аспау, қасиетті құран аяттарын толық жатқа айту керек. Қазылар оқыған аятты мүдірмей жалғастырып мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу керек. Іс-шараның ашылу салтанатына музей директоры Ж.Әубәкір, қала әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов, музей қ…

2
0
553