Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЭТНО ШЫМКЕНТ»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, 16 маусым күні Шымкент қаласында «Қайнар» қонақ үй кешенінде туризм саласын дамыту бағытында, туризм бизнес өкілдерінің қызмет көрсету сапасын арттуры және туризм саласы мамандарының тәжірибе алмасуы мақсатында «Этно Шымкент» атты семинар-тренинг болып өтті. Атаулы шараның басты мақсаты Шымкент қаласының ішкі туризмін дамыту, туристтік өнімін жылжыту болып табылады. Семинар-тренингке туристтік компаниялардың, конақ үй кешен өкілдері, ұлттық туристтік өнім қолөнершілері, музей саласы мамандары және БАҚ өкілдері қатысты. Айтулы семинарға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің атынан директордың орынбасары Ғ.Садықов және мәдени байланыс жөніндегі менеджер Д.Қожамұратов қатысып қайтты.

0
0
356

Еще по теме

«ЭТНО ШЫМКЕНТ» - Yvision.kz