Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ТҮРКІСТАН


14 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Төрт қақпалы Түркістан» тақырыбында шолу экскурсия болып өтті. Шараға қорық-музейдің директоры Ж.Әубәкір, тарихи-мәдени этнографиялық орталығының және музей қызметкерлері қатысты. Айтулы шолу экскурсияны қорық-музейдің экскурсия жүргізушісі Ә.Орынбекова жүргізді. Көне Түркістан қаласы қорғандарының бойында орналасқан «Жеті ата», «Тәкиә», «Мүсәллә» және «Дарбаза» қақпалары жайлы тарихи деректерді келтіріп, қаланың 1864, 1865, 1875 жылдарғы карталарын фото-слайд арқылы көрсетіп қызықты экскурсия жүргізді. Түркістан қаласының қақпалары жайлы ең алғашқы деректі Д.Г.Мессершмидтің құжаттары ішінен табылған Түркістан қаласының XVIIғ аяғындағы планынан көруге болады. Онда қаланы қоршаған қорған мен оның бойындағы алты қақпаны байқауға болады, яғни бастапқыда алты қақпа болған, ал, қазір байқағанымыздай қалпына келтірілгені төртеу. Алдағы уақытта қорық-музейдің археология бөлімі қалған екі қақпа орнын қалпына келтіру жұмыстарын жоспарға қойған.

0
0
500

Еще по теме