ӘЗІРЕТ СҰЛТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР НЫҒАЮДА.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі РМҚК «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Татарстан Республикасы ғылым академиясының А.Х Халиков атындағы археология институты арасында өзара ғылыми ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.
Келісім шарт жасасқан алғашқы күндерден бастап А.Х Халиков атындағы археология институтының қызметкері, белгілі нумизмат ғалым т.ғ.к., П.Н.Петров Түркістан өңіріне келіп, бірлесе атқарылар алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстары жобасында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қор сақтаушысы Т.Жолдасовпен бірге мұражайдың нумизматикалық жәдігерлер қорының каталогын жасауға қатысты жұмыстарды бастап та кетті.

