«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНДЕ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ
Елбасымыз Н.Назарбаев отбасылық құндылықтарды нығайту мен насихаттауға баса назар аударып келеді. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша «Отбасы күні» мерекесі қыркүйек айының екінші жексенбісінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде бұл айтулы күнге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осындай іс-шара ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Мерейлі отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде «Мерейлі отбасы» І-ші республикалық байқауының жеңімпазы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жазушы Елтай Бимағамбетов, Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіні…
Көрме бір ай көлемінде жұмыс жасайды.
1970 жылы 13 маусымда ОҚО облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, тарих ғылымының кандидаты, ХҚТУ-нің музей ісі және тарихи ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы маусым айынан бастап «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының директоры кызметін атқарып келген.
Музей ұжымына жаңа орынбасарды Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Н.Ахметжанов келіп таныстырды.